BBM CHANNELS ҚОСЫМШАСЫ

Желіңізді отбасыңыздан және дос-жараңыздан бастап әрі қарай кеңейтетін және Сіз қызығатын адамдармен, қауымдастықтармен және брендтермен байланысу мүмкіндігін беретін BBM Channels, BBM ішіндегі әлеуметтік желі мүмкіндігіне қош келдіңіз. Егер BBM қызметін BlackBerry тұғырында пайдалансаңыз, BBM және BBM Channels — BlackBerry Solution құрайтын және Сіз тарап болған бағдарламаны және қызметтерді пайдалануыңызды реттейтін BlackBerry Solution лицензиялық келісімінде ("BBSLA") белгіленгендей және шарттары мен талаптарына сәйкес BlackBerry Solution бөлігі. Егер BBM қызметін басқа тұғырда пайдалансаңыз, BBM және BBM Channels — BBM Solution пайдалануын реттейтін және Сіз тарап болған BBM қызметінің шарттарында ("BBM ToS") белгіленгендей және шарттары мен талаптарына сәйкес BBM Solution бөлігі. Осы Қосымша мақсатында "BBM келісімі" термині қолданылатын BlackBerry Solution немесе BBM Solution пайдалануыңызды реттейтін қажетінше BBSLA немесе BBM ToS білдіреді. Егер BBM Channels қызметін BBM Channels веб-порталы арқылы пайдалану үшін тіркелсеңіз, "BBM келісімі" термині BBM ToS білдіреді. Егер құзыретіңіз үшін қолданылатын BBM келісімінің көшірмесі болмаса, оны www.blackberry.com/legal торабынан табуға болады.

BBM келісімі қолданылатын қажетінше BlackBerry Solution немесе BBM Solution құрайтын BBM Channels қызметіне қолданылғасын, бұл Қосымша BBM Channels қызметін пайдалануыңызға қолданылатын қосымша шарттар мен талаптарды белгілейді. Осы Қосымша арқылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге BBM келісімі "BBM Channels шарттарын" білдіреді. BBM келісімі және осы BBM Channels қосымшасы арасында қайшылық орын алған кезде BBM Channels қосымшасы осындай қайшылық шегінде басымдыққа ие болады.

BBM CHANNELS ШАРТТАРЫ СІЗ: ӨЗ БАСЫҢЫЗ, ЕГЕР СІЗ ӨЗ АТЫҢЫЗДАН ОҒАН КЕЛІССЕҢІЗ; НЕМЕСЕ ЕГЕР КОМПАНИЯ НЕМЕСЕ БАСҚА ЗАҢДЫ ТҰЛҒА АТЫНАН BBM CHANNELS ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛСЕ, ПАЙДАСЫНА ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН ЗАҢДЫ ТҰЛҒА АРАСЫНДА (ЕКІ ЖАҒДАЙДА ДА, "СІЗ", "СІЗ" НЕМЕСЕ "СІЗДІҢ" СІЛТЕМЕЛЕРІ ТИІСТІ ТҮРДЕ ТҮСІНДІРІЛЕДІ) ЖӘНЕ ТӨМЕНДЕГІ "МЕН КЕЛІСЕМІН" БАСЫП, ОСЫ BBM CHANNELS ҚОСЫМШАСЫНА КЕЛІСІМ БЕРГЕН КЕЗДЕ BBM КЕЛІСІМІНЕ ОТЫРҒАН BLACKBERRY ЗАҢДЫ ТҰЛҒАСЫ ("БІЗДІ" немесе "БІЗ") АРАСЫНДАҒЫ МІНДЕТТІ КЕЛІСІМГЕ АЙНАЛАДЫ. ЕГЕР BBM CHANNELS ШАРТТАРЫНА КЕЛІСІМ БЕРУГЕ ДАЙЫН БОЛМАСАҢЫЗ, BBM CHANNELS ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛМЕЙДІ. Осы BBM Channels қосымшасында белгіленбеген осы BBM Channels қосымшасында бас әріппен жазылған терминдердің мағынасы BBM келісімінде берілген.

1. BBM АРНАСЫН ЖАСАУ.

1.1 BBM Channels шарттарына сәйкес Сіз өкілетті өкіл болып табылатын брендті, ұйымды, оқиғаны немесе жеке тұлғаны қамтитын бірегей BBM арнасын ("Арна") жасау және басқару үшін BBM Channels пайдалана аласыз. BBM АРНАСЫН ЖАСАП, СІЗ ОСЫНДАЙ БРЕНД, ҰЙЫМ, ОҚИҒА НЕМЕСЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА АТЫНАН АРНАНЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӨКІЛЕТТІЛІГІҢІЗ БАР ЕКЕНІН МӘЛІМДЕЙСІЗ ЖӘНЕ ОҒАН КЕПІЛДІК БЕРЕСІЗ.

1.2 Мына түрде орындау шартымен Сіз брендке, ұйымға, оқиғаға немесе жеке тұлғаға қолдауды немесе қызығушылықты білдіру үшін Арнаны жасай аласыз: (i) Арнаңыз осындай бренд, ұйым, оқиға немесе жеке тұлға жасаған Арна екенін білдірмейді; (ii) егер Арнаңыздың осындай бренд, ұйым, оқиға немесе жеке тұлға берген мақұлдауы немесе рұқсаты болмаса, бұл жайтты білдірмейді; (iii) өзгелерді өзге жолмен шатастыруға немесе алдауға арналмаған; және (iv) осындай бренд, ұйым, оқиға немесе жеке тұлға құқықтарын өзге жолмен бұзбайды, соның ішінде сауда белгісі, авторлық құқық немесе жариялық.

1.3 Арна үшін тіркелген кезде берілетін немесе Арнамен бірге өзге жолмен қосылатын атыңыз және байланыс мәліметтеріңіз, Арна атауы және кез келген өзге профиль мәліметтері немесе сипаттамасы шын болуы тиіс, жалған болмауы керек және тақырыбын нақты көрсетуі керек. Арна атауы анық болуы керек және жалпы болмауы керек (мысалы, тағам, көлік).

1.4 Арналарды бүлдіру немесе теріс пайдалану мақсатында жасауға немесе пайдалануға болмайды. Жоғарыда аталғанды шектемей, Сіз өзгелердің осындай Арналарды пайдалануына, Арналарды немесе Арна атауларын сатуына немесе өзге Арна орналастырумен айналысуына жол бермеу мақсатында бір немесе бірнеше Арнаны жасауға болмайды. Біз BBM Channels шарттарын, BBM Channels немесе әрекетсіз Арналарды пайдалануға қатысты жарияланған саясаттарымызды бұзатын Арналарды алып тастау немесе уақытша тоқтату құқығын сақтап қаламыз. Біз әрі брендке, ұйымға, оқиғаға немесе жеке тұлғаға немесе Арна атауына немесе осындай бренд, ұйым, оқиға немесе жеке тұлға үшін Арнаны жасауға немесе басқаруға толық құқылы деп есептеген өкілетті өкіліне рұқсатсыз Арналарды, Арна атауларын, Арна кодтарын және/немесе әкімшілік мүмкіндіктерді табыстау құқығын сақтап қаламыз.

1.5 Арна үшін тіркелуіңіз қабылданғаннан кейін, Сіз Арна ішінде көрсетілген брендке, ұйымға, оқиғаға немесе жеке тұлғаға қатысы бар Мазмұнды (BBM келісімінде белгіленген) орналастыра және көрсете аласыз. Арнада Мазмұнды орналастыру және көрсету Мазмұн иелігін Бізге табыстамайды, бірақ бұл әрекет арқылы Біздің және еншілестеріміздің Мазмұнды BBM Channels қызметінің бөлігі ретінде қол жетімді етуіміз үшін Сіз Бізге және еншілестерімізге BBM келісімінде көзделгендей осындай Мазмұнға лицензия бересіз. Сіз әрі Мазмұнды ешбір себепсіз кейінге қалдырылмауы немесе кешіктірілмеуі тиіс алдын ала Рұқсатыңызды алу шартымен BBM Channels ұсынуға қатысты белгілі немесе кейін жасақталған барлық ақпарат тасушыда Арна атауымен, суреттерімен, ендерімен, белгішелерімен және сауда белгілерімен ("Белгілер") шектелмей Мазмұнды көшірмелеу және ашық түрде орындау мен көрсету үшін Бізге және еншілестерімізге қолданылатын Арнаның мерзіміне ерекше емес, өтеусіз, жаһандық лицензияны бересіз. Біз Белгілеріңізге ешбір құқығымыздың немесе мүддеміздің жоқтығын растаймыз және оған келісеміз (BBM Channels шарттары мен талаптарына сәйкес пайдалану құқығын қоспағанда) және әрі қарай осындай Белгілердегі құқығыңыздың немесе мүддеңіздің Сізде қалатынына келісесіз. Жоғарыда аталғанды шектемей, BBM Channels қызметін ұсыну үшін Белгілеріңізді пайдалануға қатысты Біз мына әрекеттерді орындамаймыз: (i) Сіз алдын ала тікелей рұқсат етілгенді қоспағанда және жоғарыда көрсетілген үдеріске сәйкес Белгілерді немесе олардың кез келгенін өзгерту; (ii) Белгілерді немесе олардың кез келгенін өзге белгілермен біріктіру немесе құрама белгілерді жасау; немесе (iii) Белгілердегі құқықтарыңызға қауіп төндіретін кез келген әрекетті орындау.

1.6 Арнаңыздың BBM Channels (Арнаны орнату кезінде Арнаны жеке етуді таңдамасаңыз) пайдаланушысы анықтай алатынын және Арна мазмұны жария болатынын және оны Арнаға жазылатын адам ("Жазылушылар") немесе Арнаны және оның мазмұнын өзге қарай алатын адам қарай алатынын растайсыз және оған келісесіз.

1.7 Сізге Арна жасау мүмкіндігін бергенімен, Сіз Арнаны басқару және пайдалану, соның ішінде Мазмұны және Жазылушылармен әрекеттестік үшін өзіңіз жауап бересіз.

1.8 Егер BBM Channels шарттарындағы ешбір нәрсені шектемей, құрамында Ұсыныс деректері бар бөлек веб-торапқа сілтеме немесе URL мекенжайы арқылы жолды қоса Арна арқылы Жазылушыларға қол жетімді сатып алуларды жасасаңыз немесе ұсыныстар немесе өтініштер жасасаңыз ("Ұсыныс"), мыналар қолданылады:

(a) Сатушы, өкілетті делдал немесе өндіруші болып табылатын өнімдерді немесе қызметтерді ғана ұсына аласыз;
(b) Ұсыныстың барлық қолданылатын заңдарға, талаптарға және ережелерге сәйкестігін қамтамасыз ету керек;
(c) Ұсынысты реттейтін шарттар мен талаптарды анық белгілеу керек, соның ішінде кез келген шектеулер және жарамдылық мерзімдері;
(d) Пайдаланушыны BlackBerry World сияқты Біз пайдаланатын немесе атымыздан пайдаланылатын торапқа немесе қызметке бағыттаудың осы бапты бұзу болмау шартымен Біздің Ұсынысқа кез келген жолмен еншілес қатысымыз бар екенін мәлімдемейсіз немесе жанама түрде білдірмейсіз;
(e) Сіз Ұсыныстың орындалуы үшін өзіңіз жауап бересіз және Біз сұрасақ, Сіз Бізді Ұсынысқа қатысты кез келген талаптардан немесе іс жүргізуден қорғауға және Ұсынысқа қатысты Біз шеккен шығындарды және міндеттемелерді (соның ішінде тиісті қорғаушы шығындары) өтеуге келісесіз; және
(f) Біз Ұсыныстан туындайтын дұрыс өтелмеу, алаяқтық немесе өзге мәселелер үшін жауап бермейміз.

1.9 Егер Сізге қатынас берілсе немесе Жазылушылар туралы жеке басты анықтайтын мәліметтерді тікелей жинасаңыз, Жазылушыларға құпиялылық саясатыңызды жария түрде қол жетімді етумен, Жазылушыларға жиналатын мәліметтерді және осындай жинаудың мақсат(тар)ы жөнінде анық хабарлаумен және қолданылатын заңдар мен талаптар міндеттейтін рұқсаттарды алумен шектелмей, қолданылатын құпиялылық және деректерді қорғау заңдарын орындауыңыз тиіс.

2. АРНАҒА ЖАЗЫЛУ ЖӘНЕ ОҒАН АҢҒАРТПАЛАР ОРНАЛАСТЫРУ.

2.1 Арнаға Жазылушы ретінде Сіз мыналарды растайсыз және келісесіз:

(a) Арна иесі Сізге BBM ішіндегі Мазмұнды, Ұсыныстарды, ұсыныстар туралы мәліметтерді немесе өзге хабарларды жібереді. Арна иесінен осындай хабарларды алуға қатысты қол жетімді басқару тетіктері үшін және осы хабарларды ендігәрі алғыңыз келмесе, Арна жазылымынан бас тарту жөнінде Арнаның қолданылатын баптаулары мен параметрлерін қарап шығыңыз;
(b) Сіздің көрсетілетін атыңыз және көрсетілетін суретіңіз сияқты Сіз туралы жекелеген мәліметтер Арна иесіне қол жетімді болады және Арна иесіне берілетін жеке мәліметтер Арна иесінің қолданылатын құпиялылық саясатына бағынады;
(c) егер Арна әкімшісі қосқан болса, Сіз Арнада аңғартпалар орналастыра және жазбаны немесе аңғартпаны мақұлдауыңызды көрсете ("Аңғартпалар") және/немесе Арна әкімшісімен сөйлесе аласыз. Аңғартпаларыңыз және сөйлесулеріңіз Арна тақырыбымен шектелуі қажет және www.blackberry.com/legal/communitystandards торабында қарауға болатын BlackBerry Желілік Қауымдастығының Стандарттарын орындауы тиіс;
(d) Жазбаны немесе аңғартпаны мақұлдауыңызды білдіру үшін BBM Channels қызметі ішінде жасаған Аңғартпаларыңыз және таңдауларыңыз жария түрде көрсетіледі және оны Арнаның басқа Жазылушылары, әрі Арнаны және мазмұнын өзге қарай алатын адамдар (мысалы, Арна әкімшілері) қарай алады, оларды басқа Жазылушылар BBM контактілерімен бөлісе алады және оларды Арна әкімшісі алып тастай алады. Осы себепке байланысты, Біз Аңғартпаларыңызға немесе Арна иелерімен сөйлесулерде ешбір жеке басты анықтайтын мәліметтерді қоспауыңызды өтінеміз; және
(e) Көрсетілетін BBM атыңыз және көрсетілетін суретіңіз Арнада орналастыратын немесе жіберетін кез келген Аңғартпаларыңызбен бірге көрсетіледі. Сонымен қатар, жазылған Арналарды BBM контактілерін қоса BBM профилін қарай алатын және BBM контактілері болуға шақырылған адамдар қарай алады. Біз әрі Сіз және BBM контактілері жазылған Арналар және BBM профилімен және BlackBerry ID байланысты өзге мәліметтер негізінде Сізді қызықтыруы мүмкін Арналар жөніндегі кеңестерді жасақтаймыз және оларды Арнаға жазылған BBM контактілеріне жіберілетін Арнаға жазылу шақыруларында көрсетуіміз мүмкін. Егер Сіз Арнаны BBM профилінде көрсеткіңіз келмесе, Арна жазылымынан бас тарта аласыз.

3. ҚОСЫМША ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ. Сіз тарап болып табылатын BBM келісіміне қоса және ешбір бабын шектемей, Сіз мыналарға келісесіз:

3.1 Сіз Арнада орналастыратын немесе жіберетін Мазмұн және Аңғартпалар үшін толық жауап бересіз. Біз Мазмұнды немесе Аңғартпаларды бақыламаймыз және Біз осындай Мазмұн немесе Аңғартпалар нақтылығына, сенімділігіне немесе сапасына кепілдік бермейміз және оларға міндеттемеміз жоқ. Сіз Мазмұнды немесе Аңғартпаларды өз тәуекеліңізбен пайдаланасыз;

3.2 Сіз Арнада Мазмұнды немесе Аңғартпаларды орналастыруды және жіберуді қоса BBM Channels пайдалануыңызға қатысты барлық қолданылатын заңдар мен талаптарды (және қажет болса, сала ережелерін) орындау үшін жауап бересіз және егер қажет болса, Сіздің Мыңжылдық сандық авторлық құқықтар туралы Заңға сәйкес Арнадан ретсіз мазмұнды алып тастау саясатыңыз болуы тиісті. Жоғарыда аталғанды шектемей, Арнада орналастыратын Мазмұн www.blackberry.com/legal/bbmcontentguidelines торабында табуға болатын BBM Channels мазмұнының ережелеріне жауап беруі тиіс;

3.3 Пайдаланушыларға немесе Арналарға "спам" жіберуге болмайды, соның ішінде қайталанатын жазбалар немесе бірнеше ұқсас жазба қосу немесе Аңғартпалар көрсетілетін Арнаға қатысы жоқ Аңғартпалар орналастыру;

3.4 Біз Сізден жасыңызға және орныңызға қарай жиналатынмен шектелмей жекелеген Арналарға немесе Мазмұнға қатынасу жарамдылығыңызға шектеу қоюымызға және сол мәліметтерді профиліңізге немесе құзыретіңізге сәйкес немесе Сізді өзге қызықтыруы мүмкін мазмұнды беру үшін пайдалануымызға келісесіз;

3.5 Біз және өкілдеріміз белгілі бір себеппен Мазмұнды немесе Аңғартпаларды өз қалауымызбен алдын ала саралау, бас тарту немесе алып тастау құқығына (міндеттеме емес) иеміз;

3.6 Осы BBM Channels қосымшасы www.blackberry.com/legal/privacy.shtml торабында табуға болатын Құпиялылық саясатына сілтеме арқылы енеді және оны толықтырады. Құпиялылық саясаты және осы BBM Channels қосымшасы арасында қайшылық орын алған кезде BBM Channels қосымшасы осындай қайшылық шегінде басымдыққа ие болады. Жоғарыда аталғанды жалпы шектемей, Сіз мынаған келісесіз:

(a) егер Сіз BBM Channels үшін орын мүмкіндігін қоссаңыз, құрылғыңыздың орны мерзімді түрде іріктеледі (он бес минут сайын, соның ішінде құрылғыңызда BBM ашық болмағанның өзінде) және GPS (қол жетімді болса), сымсыз мұнара және Wi-Fi/WLAN кіру орнының мәліметтері арқылы құрылғыңызда сақталады. Кейбір жағдайларда, құрылғыңыз күні бойы орындарды ауыстырған кезде осындай мәліметтер BlackBerry серверлеріне жіберіледі, сондай-ақ, Біз құрылғыңыздың ағымдағы орнына қарай гео-аймақтарды орнату мүмкіндігін пайдаланатын жергілікті немесе уақытқа байланысты Ұсыныстарды қоса Сізге тиісті жарнамалық немесе Арналар мазмұнын беру үшін мәліметтерді BBM немесе BlackBerry ID профилімен байланыстырамыз. Осындай орын мүмкіндігін ажырату әдісіне қатысты қол жетімді басқару тетіктерін BBM мәзірінің баптауларынан қараңыз.

(b) Біз Сізді қызықтыруы мүмкін біздің немесе Арна иелері сияқты өзге көздерден Арналарды, мазмұнды немесе қызметтерді жасақтау, хабарлау немесе беру үшін теңшелімдеріңізді және қызығушылықтарыңызды түсіну және болжау үшін BBM Channels пайдалануыңыз жөнінде жиналатын мәліметтерді пайдаланамыз, соның ішінде Арна жазылымдары мен әрекеттері, BBM профилімен және BlackBerry ID байланыстырылған мәліметтер және орныңыз. Біз әрі пайдалану мүмкіндігіңізді теңшеу, Сізге өзге өнімдер мен қызметтерді ұсыну және Сізге профиліңізге қарай тиісті BBM жарнамалық мазмұнын беру үшін осындай деректерді өзге BlackBerry Solution өнімдері мен қызметтерін пайдалануыңыз туралы мәліметтермен (мысалы, BlackBerry World арқылы жиналатын мәліметтер және шолу әрекеті немесе іздеулері) біріктіруіміз мүмкін. Бұл Сізге жазылу шақыруларын, Бізден демографиялық профиліңізге және қызығушылықтарыңызға сәйкес келетін BBM Channels пайдаланушыларына немесе мақсатты аудиторияға хабарлар жіберуді сұрайтын Арна иелері атынан BBM ішіндегі хабарлар мен жазбалар қамтуы мүмкін. Дегенмен, Сіз Бізге рұқсат бермесеңіз, Арна иелеріне жеке басты анықтайтын мәліметтерді бермейміз (мысалы, егер Сіз Арнаға жазылсаңыз, осы Қосымшаның 2.1(b) тармағына сәйкес). Белгілі бір Арнадан өз бетімен жіберілген кейінгі шақыруларды немесе хабарларды алуды бұғаттау әдісіне және Арна жазылымынан бас тарту әдісіне қатысты қол жетімді басқару тетіктерін BBM мәзірінің баптауларынан қараңыз.