BBM ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ

ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ КІРУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕТІН BBM БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАСЫН ОРНАТУ НЕМЕСЕ ҚОЛДАНУ АЛДЫНДА ОСЫ ҚҰЖАТТЫ БҰРЫН МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ. ОСЫ КЕЛІСІМШАРТТА BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫНЫҢ СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ШЕКТЕЙТІН НЕМЕСЕ АЛЫП ТАСТАЙТЫН НЕМЕСЕ СІЗДІҢ ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗҒА БАСҚАША ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН ЖАҒДАЙЛАР КӨРСЕТІЛГЕН. ОСЫ КЕЛІСІМШАРТ СІЗДІҢ ЗАҢ ҚҰЗЫРЕТІНЕ ҚАРАСТЫ ОСЫНДАЙ МІНДЕТТІ ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ПАЙДАЛАНАТЫНДАЙ ДӘРЕЖЕДЕ СІЗДІҢ МІНДЕТТІ ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗҒА НҰҚСАН КЕЛТІРМЕЙДІ.

Аталған BBM Кызмет көрсету шарттары («Келісімшарт») кеңсесі Сингапур 609917, 1 Интернейшнл Бизнес Парк, Синерджи Билдинг, 2 қабат мекен-жайда тіркелген «BlackBerry Singapore Pte. Limited» ("BlackBerry") компаниясы және сіздің (бірге "Тараптар" және өз алдына "Тарап") араңызда жасалған заңды келісімшартты құрайды: сізбен жеке, егер сіз өз атыңыздан және құзыретіңізбен осыған келіссеңіз; немесе BBM Solution (төменде көрсетілгендей) өнімдерін пайдалануға немесе кіруге уәкілетті болған жағдайда өз компанияңыз немесе өзге тұлға атынан немесе мүдделері үшін әрекет ететін тұлға арасында (барлық жағдайда да "Сіз" деп көрсетіледі).

"МЕН КЕЛІСЕМІН" ДЕГЕН ТҮЙМЕНІ БАСҚАН ЖАҒДАЙДА НЕМЕСЕ BBM SOLUTION ӨНІМІН НЕМЕСЕ ОНЫҢ ҚАНДАЙ ДА БОЛМАСЫН БӨЛІКТЕРІН АКТИВТЕНДІРЕ НЕМЕСЕ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, СІЗ ОСЫ КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАУҒА КЕЛІСІМІҢІЗДІ БІЛДІРЕСІЗ. ОСЫ КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ СҰРАҚТАРЫҢЫЗ НЕМЕСЕ АЛАҢДАУШЫЛЫҒЫҢЫЗ БОЛСА, BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫНА МЫНА МЕКЕН-ЖАЙҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ: LEGALINFO@BLACKBERRY.COM.

ЕГЕР СІЗ BBM SOLUTION ӨНІМІН НЕМЕСЕ ОНЫҢ ҚАНДАЙ ДА БОЛМАСЫН БӨЛІКТЕРІН АКТИВТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІНЕ ДЕЙІН СІЗ ОСЫ ТАЛАПТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРГЕ КЕЛІСЕ АЛМАЙТЫНЫҢЫЗДЫ ШЕШСЕҢІЗ, СІЗ BBM SOLUTION ӨНІМІН ҚОЛДАНУҒА ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДАН АЙЫРЫЛАСЫЗ ЖӘНЕ СІЗ: (A) ҚАНДАЙ ДА БОЛМАСЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ТЕЗ АРАДА КЕТІРУГЕ НЕМЕСЕ АЛЫП ТАСТАУҒА (ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕНДЕЙ) МІНДЕТТІСІЗ; ЖӘНЕ (B) ЕГЕР СІЗ BBM SOLUTION ӨНІМДЕРІН ҚОЛДАНУҒА ТӨЛЕМ ЖАСАП ҚОЙСАҢЫЗ, РЕСМИ САТУШЫДАН НЕМЕСЕ ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАУ ОПЕРАТОРЫНАН ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТӨЛЕМДІ ҚАЙТАРУ ШАРТТАРЫНА СӘЙКЕС ТӨЛЕМДІ ҚАЙТАРУҒА ШАҒЫМДАНА АЛАСЫЗ.

Егер сіз Филиппины елінің тұрғыны болсаңыз, сіздің BBM Solution және the Software өнімдерін қолдану құқығыңыз бөлек болады және өзіңіздің эфир уақыты қызметін көрсетушіңізден сатып алған қандай да болмасын заттай тауар (-лар) және эфир уақытына қатысты болмайды. Сіз және BlackBerry компаниясы арасындағы келісімшарт BBM Solution және the Software интеллектуалды меншігіне қатысты және Сингапурде жасалған деп саналады.

1. Анықтауыш сөздер. Егер де мәнмәтінде өзгеше көрсетілмесе, төмендегі терминдер түсіндірілген мағынасына ие болады (және мәнмәтінде солай қарастырылған болса, көпше түрі жекеше түрді қамтиды және керісінше).

"Эфир уақыты қызметтері" өзіңіздің эфир уақыты қызмет көрсетушіңіздің (-леріңіздің) сіздің BBM Solution өнімдеріңізбен қатар қолдану үшін көрсететін аймақтық сымсыз байланыс желісін, өзге желі қызметтерін (атап айтқанда, жергілікті сымсыз байланыс желісі, жерсеріктік және ғаламтор байланыс қызметтері) және басқа да қызметтерді білдіреді.

"Эфир уақыты қызметін көрсетушісі" эфир уақыты қызметін көрсететін тұлғаны білдіреді.

"BBM Solution" Қызметтерден және Бағдарламалық жасақтамадан, сонымен қатар пайдаланылатын Құжаттамадан құралған BBM (сондай ақ BlackBerry Messenger деген атпен белгілі) шапшаң хабарлама жіберу құралын білдіреді.

"BlackBerry ID" сіздің BBM Solution жүйесіне және BlackBerry ID сәйкестендіру аты мен құпия сөзді қолдайтын өзге өнімдер мен қызметтерге кіруге қолданатың сіздің сәйкестендіру атыңыз бен құпия сөзіңізді білдіреді.

"Мазмұн" қандай да болмасын мәліметтерді, мәтінді, әуенді, дыбысты, ұялы телефонның сазын, суреттерді, графикалық бейнелерді, бейнефильмдерді, хабарламаларды, тегтер және басқа сандық материалдар немесе басқа сандық ақпаратты білдіреді.

"Құжаттама" түпкілікті тұтынушының пайдаланатын стандартты құжаттамасын, атап айтқанда BlackBerry компаниясының BBM Solution жүйесіне арнап әзірлеген және берген кез келген мінез-құлық ережелерін, нұсқауларын немесе пайдалану ережелерін білдіреді. Нақтылау үшін, BlackBerry компаниясынан басқа тұлғаның әзірлеген құжаттамасы немесе BlackBerry компаниясынан басқа тұлғаның құжаттамаға енгізген өзгертулері Құжаттамаға жатпайды.

"Құрылғы" смартфон немесе электрондық планшет сияқты кез келген құрылғыда өзіңіздің иемденетін немесе меңгеретін BlackBerry компаниясының пайдалануға әзірлеген және рұқсат еткен Бағдарламалық жасақтамасы немесе оның кез келген бөлігін білдіреді.

"Ақылы қызмет" сіздің міндетті тіркелуіңізді қажет ететін және BlackBerry компаниясына немесе сәйкесті ресми сатушысына («РС») немесе төлем қабылдау операторына төлеуді қажет ететін Қызметті білдіреді.

"Қызмет(-тер)" BlackBerry компаниясының немесе оның атынан немесе BlackBerry компаниясы бөлімшелерінің BBM Solution кешенінде сіз үшін әзірлеп көрсететін қызметтерін білдіреді, атап айтқанда жеке және топтық хабарлама жіберу, бейнелі және дауыстық қоңырау шалу қызметтері (қарастырылған уақытта және жерлерде) және BlackBerry ID қызметтері, бірақ BlackBerry компаниясының Үшінші тараптардың қызметтеріне біріккен брэндинг жасауы осы ретте Қызметтер санатына жатпайды.

"Бағдарламалық жасақтама" сізге BlackBerry компаниясымен осы Келісімшартқа сәйкес, қандай да болмасын нысанда, ортада немесе әдіспен берілетін немесе оның нәтижесінде қондырылатын немесе қолданылатын (және бағдарламалық жасақтамадан, файлдардан, құжаттардан, интерфейстерден және Мазмұннан, техникалық жағынан қарастырылған немесе қарастырылмаған бағдарламалық жасақтаманың кодынан; және Үшінші тараптың Құрамдастарынан құралуы мүмкін) Қызметтерге және басқа да бағдарламалық жасақтамаларға кіру рұқсатын беретін BBM клиент қосымшасын білдіреді. "Бағдарламалық жасақтама" деген термин Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасын немесе Үшінші тараптың бұйымдары, Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасы немесе Үшінші тараптың өнімдері BlackBerry компаниясымен немесе BlackBerry компаниясы атынан жеткізілгеніне немесе жеткізілмегенінене қарамастан немесе Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасы немесе Үшінші тараптың өнімдері BBM Solution жүйесін толықтағанына, BBM Solution жүйесімен бірге қамтамасыз етілетініне немесе пайланатынына қарамастан қамтымайды.

"Үшінші тараптың Құрамдастары" BlackBerry компаниясының үшінші тараптан алып, Бағдарламалық жасақтамаға енгізу үшін лицензиялаған және осы Бағдарламалық жасақтаманың айырылмас бөлігі ретінде BlackBerry брэндімен жеткізетін бағдарламалық жасақтамасын және интерфейстерін білдіреді және Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасын қамтымайды.

" Үшінші тараптың Мазмұны" үшінші тараптың меншікті иелігіндегі Мазмұнды білдіреді.

"Үшінші тараптың бұйымдары" Үшінші тараптың Мазмұнын және Үшінші тараптың Өнімдерін білдіреді.

"Үшінші тараптың Өнімдері" BlackBerry компаниясының өнімдеріне жатпайтын Құрылғыларды және Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасын және өзге коммерциялық өнімдерді білдіреді.

"Үшінші тараптың Қызметтері" үшінші тараптың көрсететін қызметтерін, атап айтқанда Эфир уақыты қызметтерін, үшінші тараптағы РС-ның немесе төлем қабылдау операторының көрсететін қызметтерін және BlackBerry компаниясына қарасты емес кез келген веб-сайттарды білдіреді.

"Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасы" үшінші тараптың меншігіндегі және BBM Solution жүйесімен бірге, оның құрамында немесе сол арқылы жеткізілетін немесе өзге берілетін тәуелсіз бағдарламалық қосымшаларды білдіреді.

"Сіздің Мазмұныңыз" Қызметке немесе Үшінші тараптың Қызметтеріне сіздің тапсырған немесе өзге әдістермен берген Мазмұныңызды білдіреді.

2. BBM Solution Қолдану Ережелері . Сіз өзіңіздің BBM Solution жүйесін қолдануға қатысты барлық әрекеттерге жауапты боласыз және төмендегі талаптардың орындалуын қамтамасыз етесіз:

(a) Сіз BBM Solution жүйеңізді немесе оның қандай да болмасын бөлігін осы Келісімшарттың, барлық күші бар заңдар мен ережелердің және пайдаланылатын Құжаттаманың талаптарына сәйкес қолданасыз;
(b) Сіздің жасыңыз кем дегенде 13-ке толған және кәмелет жасынан үлкенсіз немесе кішісіз, немесе ата-анаңыздан немесе қамқоршыңыздан алған заңды рұқсатыңыз бар және осы Келісімшарт жасасуға толығымен әрекеттісіз және құзыреттісіз. Қандай болған жағдайда Сіз жасыңыз кем дегенде 13-ке толғанын растайсыз, себебі BBM Solution және BlackBerry ID 13 жастан кіші тұлғаларға арналмаған. Егер сіздің жасыңыз 13-тен кіші болса сізге BBM Solution қолдануға немесе BlackBerry ID алуға рұқсат етілмейді. Егер сіз осы Келісімшартты компания немесе басқа тұлғаның атынан жасасаңыз, Сіз осындай компания немесе басқа тұлғаның атынан Келісімшарт жасауға өкілеттігіңіз бар екенін растайсыз және кепілдік бересіз;
(c) BlackBerry компаниясына немесе оның өкілетті делдал бөлімшелеріне осы Келісімшарт талаптарына сәйкес Сіздің берген, атап айтқанда BBM Solution жүйесін қолдануға тіркелу кезінде немесе BlackBerry ID қоса BBM Solution жүйесін пайдалану үшін тіркелу жазбаны алу кезінде беріген қандай да болмасын ақпаратыңыз шынайы, нақты, жаңартылған және толық болып табылады және Сіз BBM Solution қолдануды жалғастыру немесе тіркелу жазбаңызды пайдалану мерзімінде осындай ақпаратты шынайы, нақты және толық күйінде сақтау үшін жаңартасыз;
(d) Сіз осындай сұраныстарды жасағаннан кейін өзіңіздің міндетіңіздегі тиісті тұлға ретінде, ешбір пиғылсыз, BlackBerry компаниясының пікірінше, дәйекті түрде, кез келген тұлғаның, оған қоса BlackBerry компаниясының немесе Эфир уақыты қызметін көрсетушісінің қолданатын бағдарламалық жасақтамасына, техникалық құралдарына, жүйесіне, желісіне, Мазмұнына немесе қызметіне кедергі келтіретіндей, күйін нашарлататындай немесе теріс ықпал ететіндей немесе BlackBerry компаниясына немесе оның еншілес және тәуелді ұйымдарына ("BlackBerry Компаниялар Тобы"), Эфир уақыты қызметін көрсетушісіне немесе олардың тиісті тұтынушыларына немесе инфрақұрылымдарына немесе өнімдеріне немесе қызметтеріне өзгеше нұқсан келтіретіндей етіп Үшінші тараптың Қызметтерінен немесе Үшінші тараптың бұйымынан тыс немесе солармен бірге, BBM Solution жүйесіне немесе оның қандай да болмасын бөлігіне қатысты міндеттерді қабылдасаңыз, оны қолдансаңыз немесе қолдануға рұқсат берсеңіз, Сіз осындай әрекеттерді BlackBerry компаниясының Сізге жіберген хабарлама хатынан кейін сол арада тоқтатасыз;
(e) Сіз BBM Solution жүйеңізді немесе оның қандай да болмасын бөлігін лайықсыз, әдепсіз, қудалаушы, қорлаушы, дөрекі, жала, балағат, заңсыз немесе жалған Мазмұнды жіберу, жариялау, көрсету, жүктеу, тарату немесе жөнелту үшін қолданбайсыз;
(f) Сіз BBM Solution жүйеңізді немесе оның қандай да болмасын бөлігін қылмыс жасауға немесе қылмыс жасау қастандығына немесе қандай да болмасын қылмыстық, заңсыз немесе құқық бұзатын әрекеттерді жасауға болысу үшін қолданбайсыз, атап айтқанда қандай да болмасын заң немесе келісімшарт талаптарына қарсы келетін немесе қандай да болмасын міндеттерді бұзатын, жеке құқықтар немесе заңдарға қайшы болатын, заңсыз айла-шарғылар немесе қандай да болмасын үшінші тараптың кез келген зияткерлік меншік құқықтарын және/немесе өзге меншіктік құқықтарын бұзатын, шек қоятын немесе заңсыз иемденетін (көшіретін немесе бөлісетін құқықтарыңыз жоқ бағдарламалық жасақтаманы немесе Мазмұнды көшіруді және бөлісуді немесе қандай да болмасын сандық құқықтарды басқару жүйесінің қорғанысын заңсыз орап өтуді қоса алғанда) әрекеттерден, сондай ақ жинауға, сақтауға немесе беруге құқығыңыз жоқ кез келген ақпаратты немесе материалды жүктеуден, жинаудан, сақтаудан, жариялаудан, жіберуден, таратудан немесе өзге тәсілдермен беруден бойыңызды таса ұстайсыз;
(g) Сіз BBM Solution жүйеңізді немесе оның қандай да болмасын бөлігін (i) вирус, «Троян аты», «құрт» вирусы, «бэкдор» вирусы, өшіру механизмі, зарарлы коды, «сниффер» жиынтықтарды талдаушы, «бот» робот бағдарламасы, қайта қосуды болдырмайтын механизм немесе тыңшы бағдарламасы бар қандай да болмасын бағдарламалық жасақтаманы немесе Мазмұнды; немесе (ii) төмендегілердің болуы ықтимал немесе болуы болжамданған қандай да болмасын бағдарламалық жасақтаманың, техникалық құралдардың, қызметтердің, жүйелердің немесе мәліметтердің ("Зарарлы жасақтама") (және егер Сіз BBM Solution жүйесінің ішінде немесе оған қатысты қандай да болмасын Зарарлы жасақтаманың бар екендігі қаперіңізге жетсе, Сіз тез арада BlackBerry компаниясына хабар бересіз) (A) өнімділігіне теріс ықпал ететін, (B) жұмысын тоқтататын, бұзатын немесе зиян келтіретін, немесе (C) рұқсат етілмеген кіріске апаратын немесе себепші болатын немесе рұқсат етілген кірісті қайтаратын немесе рұқсат етілмеген немесе лайықсыз мақсаттарға пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық жасақтама немесе Мазмұн жүктеуге, жариялауға, жіберуге немесе өзге әдістермен беруге қолданбайсыз;
(h) Сіз өзіңізге BBM Solution жүйесінің бөлігі ретінде берілген Бағдарламалық жасақтаманы немесе Мазмұнды немесе BBM Solution жүйесін немесе оның қандай да болмасын бөлігін қолдану құқығын кез келген тұлғаға BlackBerry компаниясының алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз сатпайсыз, жалға бермейсіз, жалдамайсыз немесе табыстамайсыз немесе сату, жалға беру, жалдау немесе табыстау әрекеттерін жасамайсыз;
(i) Сіз бұзу, құпия сөзді табу немесе өзге жолдармен қандай да болмасын Қызметке, басқа тіркелу жазбаларына, компьютер жүйелеріне немесе Қызметке қосылған желілерге рұқсат етілмеген кіру құқығын алу әрекетін жасамайсыз немесе өзіңізге BBM Solution арқылы Сізге абайсызда мәлім болған тәсілдермен Қызмет арқылы берілетін қандай да болмасын материалдар немесе ақпаратты алмайсыз немесе алу әрекетін жасамайсыз;
(j) Сіз BBM Solution жүйеңізді немесе оның қандай да болмасын бөлігін кез келген жеке адамның немесе тұлғаның атын жамылуға немесе мен жеке адаммен немесе тұлғамен Сіздің ара-қатынасыңызды жалған айтуға немесе өзгеше бұрмалауға, немесе «фишинг» аулау және алдама әрекеті арқылы басқаларды жаңылдыру мақсатымен жалған ат жасауға қолданбайсыз; және
(k) Сіз BlackBerry компаниясына осы Келісімшартты бұзылуын тергеуде немесе анықтауда көмек беру мақсатымен BlackBerry компаниясымен бірлесіп әрекет жасайсыз және BlackBerry компаниясы сұраған ақпаратты бересіз, сондай ақ BlackBerry компаниясына немесе BlackBerry компаниясы тағайындаған тәуелсіз аудиторға BBM Solution қолданылатын немесе қолданылған жерге кіруге және Құралдар мен осыған байланысты жазбаларды қарап тексеруге рұқсат бересіз. Осы ретте Сіз BlackBerry компаниясын төмендегі тұлғалармен өзара әрекет жасауға өкілетті етесіз: (i) күдік тудыратын қылмыстық бұзушылықтарды тергеу мақсатымен құқық қорғау органдарымен; (ii) осы Келісімшартты бұзу әрекеттерін тексеру мақсатында үшінші тараптармен; және (iii) осы Келісімшартты атқару мақсатында Ғаламтор қызметін көрсетушілердің, желілердің немесе есептеу нысандарының жүйелік әкімшілерімен. Осындай өзара әрекеттесушілік BlackBerry компаниясының Сіздің пайдаланушы атыңызды, IP адресіңізді немесе өзге жеке ақпаратты жария етуді қарастыруы мүмкін.

3. Бағдарламалық жасақтаманы қолдану.

(a) Лицензия. BBM Solution топтамасы Сізден Қызметтерді пайдалануға рұқсат алу үшін Бағдарламалық жасақтаманы алуды және қолдануды талап етеді. Бағдарламалық жасақтама лицензияланған және осы Келісімшарт шеңберінде сатылмайды. Сіздің Бағдарламалық жасақтаманы қолдану лицензияңыз тиісті лицензия алымдары қарастырылған жағдайда оларды төлеген соң күшіне енеді. Осы Келісімшартта көрсетілген талаптар мен ережелерге сәйкес, Келісімшарт Сізге жеке, қайтарып алынатын, айрықшалығы жоқ, табысталмайтын лицензия береді. Осы лицензия бойынша Сізге Бағдарламалық жасақтаманы Құрылғыға орнатуға және қолдануға рұқсат беріледі немесе Бағдарламалық жасақтаманы сатып алған ("Қолдану Ережелері") үшінші тараптың сандық электрондық дүкенін (мысалы, Бағдарламалық жасақтаманың iOS нұсқасына арналған iTunes дүкені) реттейтін қолдану ережелерінде нақты көрсетілген болса, осындай Қолдану Ережелерінде нақты рұсқат етілген Құрылғылар саны көрсетіледі.

Егер Сіз Бағдарламалық жасақтаманы жазылу негізінде немесе ақысыз сынау бөлігі ретінде алсаңыз, жоғарыда айтылған лицензия құқықтары Сіз міндетті жазылу ақысын төлеген мерзімге немесе мән-жайларға байланысты BlackBerry компаниясының немесе оның өкілетті делдал бөлімшесінің рұқсат етілген мерзіміне ғана күшінде болады.

Барлық жағдайда осы Келісімшарт бойынша берілген лицензия (-лар) Сізге тек өзіңіздің ішкі немесе жеке мақсатыңызда және қандай да болмасын күші бар Қолдану Ережелеріне сәйкес Бағдарламалық жасақтаманы қолдануға немесе қолдану мүмкіндігіне немесе Қызметтерді пайдалануға рұқсат береді.

(b) Жаңарту және Жаңғырту. Осы Келісімшарт және оған қоса берілген лицензиялар төмендегілерге қатысты ешқандай құқық бермейді: (i) Бағдарламалық жасақтаманы немесе Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасын жүйелі түрде немесе болашақта жаңарту немесе жаңғырту; немесе (ii) кез келген жаңа немесе жетілдірілген Қызметтерді сатып алу. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту немесе жаңғырту BlackBerry компаниясының қарап шешуінше кейде жүзеге асырылуы мүмкін. Бағдарламалық жасақтамада өздігінен Бағдарламалық жасақтаманың жаңаруын немесе жаңғыруын тексеру қызметі қарастырылуы мүмкін және нақты Қызметтерге, өзге жаңа Бағдарламалық жасақтамаға немесе Үшінші тараптың Бұйымдарына немесе Үшінші тараптың Қызметтеріне немесе олардың қандай да болмасын бөліктеріне кіруді немесе қолдануды жалғастыру үшін Сізден Бағдарламалық жасақтаманы немесе Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасын жаңарту талап етілуі мүмкін. Сіздің Құрылғыңыздың Бағдарламалық жасақтамасы Сізге Бағдарламалық жасақтаманың жаңартулары мен жаңғыртуларын жіберуді немесе қолдануды тоқтатуға рұқсат бергенмен және Сіз осындай реттеулерді қолданғанмен, осы ретте BlackBerry компаниясы осындай жаңартулар мен жаңғыртуларды Сізге кейде беруі мүмкін (бірақ міндетті емес) екендігімен және Сізге осындай жаңартулар мен жаңғырулар туралы хабарлама жіберу керектігімен келісесіз. Бағдарламалық жасақтама, Қызметтер немесе Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасы мән-жайға байланысты BlackBerry компаниясының осы Келісімшарт бойынша Сізге берген қандай да болмасын жаңартулары мен жаңғыртулары болып есептеледі.

(c) Қалпына келтіру Құқықтары. Сіз Бағдарламалық жасақтаманы немесе Сізге Қызметтің бөлігі ретінде берілген кез келген Мазмұнды толығымен немесе жартылай тарата алмайсыз немесе өзгерте алмайсыз. BlackBerry компаниясының Заңмен осындай әрекеттерге тыйым салуды нақты шектейтін дәрежеге дейін Сіз Бағдарламалық жасақтаманы немесе Сізге Қызметтің бөлігі ретінде берілген кез келген Мазмұнды осы Келісімшартта, тиісті Қызметтерге арналған Құжаттамада, Қолдану Ережелерінде немесе Сіз бен BlackBerry компаниясы немесе BlackBerry бөлімшесі арасында жасалған бөлек қағаз жүзіндегі келісімде нақты рұқсат берілген жағдайларды есепке алмағанда, толығымен немесе жартылай көшіре, қалпына келтіре алмайсыз немесе бақса жолдармен қайталай алмайсыз. Осы шартты сақтау мақсатында «көшіру» мен «қалпына келтіру» сөздері Құжаттамада сипатталған талаптар мен мақсаттарға сәйкес қолданғанда немесе Бағдарламалық жасақтаманың немесе Бағдарламалық жасақтама орнатылған Құрылғының өзгертілмеген жүйелі сақтандыруларын жасау кезінде, өнеркәсіптік стандарттар мен іскерлік практикаға сәйкес әдеттегідей бағдарламаны орындау барысында үнемі болып тұратын Бағдарламалық жасақтаманың анықтамалары мен нұсқаулықтарынан көшірме түсіруді қамтымайды. Сіз өзіңіздің жеке немесе ішкі қолдануыңыз үшін және BBM Solution жүйесімен бірге қолдану үшін ғана Құжаттамадан немесе оның бөлігінен көшірме түсіре аласыз.

4. Қажетті Үшінші тарап Бұйымдары мен Үшінші тарап Қызметтері. Сіз өзіңіздің BBM Solution жүйеңізді пайдалану үшін таңдаған Үшінші тарап Бұйымдары мен Үшінші тарап Қызметтері (атап айтқанда Құрылғылар, Ғаламторға қосылу, сымсыз байланыс желілері және Эфир уақыты қызметтері) BlackBerry компаниясының ең кем деген талаптарына жауап беретініне, атап айтқанда Құжаттамада көрсетлігендей Сіздің BBM Solution жүйеңізге қажетті Құрылғының бағдарламалық жинақтамасы және арнайы Ғаламторға кіру рұқсатының болуына және Сіздің BBM Solution жүйеңізбен осындай Үшінші тарап Бұйымдарын және/немесе Үшінші тарап Қызметтерін қолдану осындай Үшінші тарап Бұйымдары мен Үшінші тарап Қызметтерін қолдануға қатысты қандай да болмасын лицензияларға, ережелерге, шарттарға, заңдарға және/немесе талаптарға қайшы келмейтініне жауапты боласыз. Эфир уақыты қызметтері Сіздің BBM Solution жүйеңізді қолдануға қажет. Эфир уақыты қызметтерінің төлемдері Сіздің BBM Solution жүйеңізді қолдануыңызға байланысты есептеледі және Сіз бен BlackBerry арасында келісілгендей, Сіз осындай қолдану барысында есептелген барлық Эфир уақыты қызметтерінің төлемдеріне міндетті боласыз. Сіздің Эфир уақыты қызметін көрсетушіңіз Сізге көрсетілетін Қызметтер мен Үшінші тарап Қызметтер түрлерін шектей алады. Егер Сіз өзіңіздің BBM Solution жүйеңізді орналасқан жеріңізде қолдайтын Эфир уақыты қызметін көрсетушілері туралы ақпарат алғыңыз келсе, BlackBerry компаниясына legalinfo@blackberry.com хабарласыңыз.

5. Қосымша ережелер.

(a) Сізден қосымша талаптар мен ережелерге келісуіңіз талап етілуі мүмкін:
(i) BlackBerry компаниясымен Үшінші тарап Құрамдастарына (мысалы, ашық көзден алынатын құрамдастар) қатысты және нақты Қызметтер немесе Мазмұн қолдану үшін немесе BBM Solution жүйесінің жаңартуларын немесе жаңғыртуларын алу үшін;
(ii) Үшінші тараппен Үшінші тарап Бұйымын немесе Үшінші тарап Қызметін сатып алу немесе қолдану үшін, атап айтқанда Үшінші тараптың BBM Solution арқылы кіретін веб сайттарын қолдану мақсатында;
(iii) РС-мен немесе төлем қабылдаушы оператормен BBM Solution жүйесіне қатысты немесе осы арқылы сатып алу үшін; және
(iv) Эфир уақыты қызметін көрсетушімен Эфир уақыты қызметтері жөнінде.

(b) Сіз үшінші тараппен жасаған қандай да болмасын келісімшарттың талаптарын орындауға жауапты боласыз және BlackBerry компаниясы қалай болғанда да осындай үшінші тараптармен келісімдер негізінде туындаған кез келген залалға немесе зиянға жауапты немесе міндетті болмайды. Егер Сіз BlackBerry компаниясы қандай да болмасын Мазмұнның, бұйымның, өнімнің немесе қызметтің көзі екендігіне күмәнді болсаңыз BlackBerry компаниясына legalinfo@blackberry.com. хабарласыңыз. Егер Сіз үшінші тараптармен Ғаламтор арқылы немесе Үшінші тарап Қызметтеріне байланысты әрекет етсеңіз, кіммен әрекеттескеніңізді білетініңізге және осындай веб сайттар мен Сіз кіретін немесе алатын кез келген Үшінші тарап Қызметтеріне немесе Үшінші тарап Бұйымдарына қатысты ережелер мен талаптарды білетініңізге, сондай ақ Сіздің жеке ақпаратыңызды қорғауға және Сіздің жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бағытталған жеткізу және төлем шарттары, қолдану ережелері, түпкілікті пайдаланушының лицензиялық құқықтары, өнімдерді қайтару қабілеттілігі, құпиялық шарттары, құпиялық реттілігі және қорғаныс сипаттары қарастырылғанына көзіңізді жеткізгеніңіз дұрыс.

(c) Қандай жағдай болмасын, Сіз бен үшінші тарап арасындағы осындай қосымша талаптар мен ережелер BlackBerry компаниясының міндетіне жатпайды немесе қандай да болмасын қосымша жауапкершіліктер немесе осы Келісімшарттың талаптары мен ережелеріне сәйкес келмейтін жауапкершіліктер қандай жағдай болғанда да BlackBerry компаниясына артылмайды, және Сіз бен BlackBerry компаниясы арасындағыдай, осы Келісімшартта көзделгендей Үшінші тарап Бұйымдары мен Үшінші тарап Қызметтеріне қатысты талаптар мен ережелер тек осыларға ғана тиісті болады.

(d) Сізге Бағдарламалық жасақтамаға қатысты Келісімшартта көзделген құқықтармен салыстырғанда осындай Үшінші тарап Құрамдасын толығымен немесе жартылай қолдану, көшіру, тарату немесе өзгертудің ауқымдырақ құқықтарын беретін қандай да болмасын Үшінші тарап Құрамдасы қосымша талаптар және ережелермен көзделген дәрежеге дейін, және Сіз өзіңіз осындай ауқымдырақ құқықтарды Бағдарламалық жасақтаманың қалған бөлігіне қатысты Келісімшарттың талаптары мен ережелерін бұзбай пайдалана алатын деңгейде, Сіз осындай ауқымдырақ құқықтардың артықшылығын пайдаланғаныңыз дұрыс. BlackBerry компаниясы Сізге берген Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасына немесе Үшінші тарап Қызметтеріне (осында бағдарламалық жасақтама мен Мазмұн қамтылады) келсек, егер Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасы немесе Үшінші тарап Қызметі өз алдына лицензиямен немесе қызмет көрсету шарттарымен расталмаса, оларды қолдану осы Келісімшарттың талаптары мен ережелеріне байланысты Сіздің BBM Solution жүйеңіздің құрамына кіретін Бағдарламалық жасақтамасын немесе Үшінші тарап Қызметтерін (тиісті жағдайларда) қолданған сияқты болып есептеледі; осындай Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасы немесе Үшінші тарап Қызметі Сізге BlackBerry компаниясымен «ӨЗІ БОЛҒАН КҮЙІНДЕ» және «ДАЙЫН БОЛҒАНЫНА ҚАРАЙ» нақты немесе болжамды күйін көрсетусіз, растауларсыз, кепілдіктерсіз, куәландырусыз және сенім білдірусіз жеткізілгенін есепке ала отырып, Сіз бен BlackBerry компаниясы арасындағыдай, осы Келісімшартта көрсетілген шектеулер мен міндеттерден бас тарту, жауапкершіліктерді жою және төлемді қайтару шарттары Бағдарламалық жасақтамаға қатысты емес, Үшінші тарап Бұйымдары мен Үшінші тарап Қызметтеріне қатысты қолданылады.

6. BBM Solution құрылысын өзгерту немесе қолдануды тоқтату.

(a) BBM Solution құрылысын өзгерту немесе қолдануды тоқтату. Сіз BlackBerry компаниясы Сіздің алдыңызда жауапты болмай, BBM Solution жүйесінің немесе оның бөлігінің, кез келген уақытта, тұрақты немесе уақытша, Сізге хабарлаумен немесе хабарлаусыз, құрылысын өзгерте, кідірте, тоқтата, кетіре, шек қоя немесе өшіре алатынымен келісесіз; егер BlackBerry компаниясы Қызметті тұрақты тоқтатса (осындай жағдайда Сіздің осы Қызметті пайдалануға арнайы әзірленген Бағдарламалық жасақтаманы қолдану лицензияңыз өздігінен жойылады), және Сіз белгілі мерзімде көрсетілетін Қызметке ақы төлеп қойсаңыз және осы Келісімшарттқа қайшы болмаса, Қызмет туралы немесе ақы төлеген РС немесе төлем қабылдаушы оператор туралы қолданыстағы төлем қайтару шарттарында көрсетілгендей Сіздің Қызметке төлеген ақы сомасын толығымен немесе бір бөлігін қайтаруға құқығыңыз бар. Осындай төлем қайтару, егер болған жағдайда, тек Сіздің және BlackBerry компаниясының және РС-ның және төлем қабылдаушы оператордың жеке құқығы болады, ал BlackBerry компаниясы BBM Solution немес оның бөлігін тоқтатқан кезде Сіздің жеке міндетіңіз болады.

(b) Техникалық қызмет көрсету. Жоғарыда айтылғанға шек қоймай, BlackBerry компаниясы BBM Solution жүйесінің бағдарламалық қателіктерін түзету, жаңартуларды орнату, диагностика өткізу және басқа да техникалық қызмет көрсету мақсатында BBM Solution жүйесіне немесе оның бөлігіне кіруді жүйелі түрде кідірту немесе BBM Solution жүйесін немесе оның бөлігін басқа жолдармен пайдалану құқығын өз атына қалдырады және Сіз осыған келісесіз.

7. Сіздің үлесіңіз және өзге Мазмұн.

(a) Кері байланыс. Сіз BlackBerry компаниясына BBM Solution туралы кері байланыс арқылы өз пікірлеріңізді жолдай аласыз. Егер BlackBerry компаниясы өзгеше қағаз жүзінде қарастырмаса, Сіз осы ретте өзіңіздің BBM Solution және барлық тиісті зияткерлік меншік құқықтары туралы BlackBerry компаниясына жіберген барлық кері байланысыңызды, түсініктемелерді, ұсыныстарды, ойларды, тұжырымдамалар мен өзгертулерді BlackBerry компаниясы иемденетініне келісесіз. Егер Сіз Жапон елінің тұрғыны болсаңыз, Жапон авторлық құқық туралы заңының 27 және 28 баптарында көзделген барлық құқықтарға келсек (жиынтық түрінде "Кері байланыс") Сіз BlackBerry компаниясына осы мәселеге қатысты барлық құқықтарыңызды, лауазымыңызды және мүдделеріңізді бересіз. Сіз BlackBerry компаниясына үшінші тараптың зияткерлік меншік құқықтарына жататын қандай да болмасын Кері байланыс пікірлерін біле тұра бере алмайсыз. Сіз келешекте болатын құжаттарға қол қою және BlackBerry компаниясының Кері байланыс BlackBerry компаниясының меншігінде екендігі туралы сұранысы бойынша әрекеттерді жасау және BlackBerry компаниясына осыған байланысты зияткерлік меншік құқықтар мен/болмаса құпия ақпаратты тіркеу және/немесе қорғауға мүмкіндік беру жағынан BlackBerry компаниясымен барынша әрекеттесуге келісесіз.

(b) Түпкілікті пайдаланушының Мазмұны, Үшінші тарап Бұйымдары. Өзіңіздің Мазмұныңыз үшін BlackBerry компаниясы емес, Тек Сіз жауапты боласыз. BlackBerry компаниясы Сізге түпкілікті пайдаланушылардың BBM Solution қолдануға байланысты немесе олардың BBM Solution қатысты қолданған Үшінші тарап Қызметіне байланысты берген Мазмұнды немесе Үшінші тарап Бұйымдарын бақыламайды, және 17 Бөлімдегі жалпы құқықтан бас тарту туралы талаптар бойынша, BlackBerry компаниясы Үшінші тарап Бұйымдарының нақтылығы, бүтіндігі немесе сапасына байланысты өзге ұқсас кепілдіктер немесе растаулар бермейді және осындай Үшінші тарап Бұйымдарына жауапты болмайды. BlackBerry компаниясы BBM Solution қолдануға қатысты жалпы практика мен шектеулер қоя алады, атап айтқанда сақтауға болатын Мазмұнның көлемі, қандай да болмасын Қызметте (оның ішінде бұлтты есептеулерге арналған мәліметтерді сақтау қызметі) Мазмұнның немесе хабарламаның/талқылау жарияланымдардың ең көп деген сақталу уақыты және/немесе Сіз кез келген Мазмұнды қолдануды жалғастыра алатын немесе кіре алатын мерзім ұзақтығы. Сіз BlackBerry компаниясы немесе BlackBerry бөлімшелері берген Қызметке байланысты тек жеке қолдануыңызға арналған және Қызметке қатысты арнайы лицензия ережелері мен талаптарына сәйкес келетін Мазмұнды қолдана аласыз. Жоғарыда аталған шектеулер Құжатта қолданбалы Қызметтер үшін толықтай сипатталады, олармен Сіз танысуыңыз және BlackBerry компаниясы болжамды өзгертулер енгізген шақта кейде қарап тұруыңыз шарт. Сіз BlackBerry компаниясы қандай да болмасын жағдайда Мазмұнның жоғалуына, өшірілуіне, рұқсатсыз кіріп көруге немесе сақталмай қалғанына жауапты немесе міндетті болмайды және Сіздің осындай әрекеттерді жасауға тиісті құқықтарыңыз бен лицензияңыз бар екенін ескере отырып, Сіз өзіңізге қажетті Мазмұнның көшірмесі маңызды болған жағдайда балама көшірмесін сақтауыңыз тиіс.

(c) Сіздің Мазмұныңыз. Осы Келісімшартта немесе оның Қосымшасында нақты көрсетілмеген жағдайда, осы Келісімшарт бойынша Сіздің Мазмұныңызды иелену құқықтары BlackBerry компаниясына берілмейді. BBM Solution аспектілеріне байланысты енгізуге берген және BBM Solution басқа пайдаланушыларына, атап айтқанда BBM Groups және Сіздің BBM байланыстарыңызға және BBM Solution өзге пайдаланушыларына көрінетін Сіздің Мазмұныңызға қатысты Сіз орынды жағдайда BBM Solution немесе оның бөлігін жабдықтау және басқаруға байланысты Мазмұнды қолдану, тарату, қалпына келтіру, өзгерту, бейімдеу, жалпыға жариялау және жалпыға көрсету үшін BlackBerry компаниясына дүниежүзілік, мерзімсіз, қайтарылмайтын, табысталатын, ақысыз және айрықшасыз лицензия бересіз, және және BBM Solution өзге аспектілеріне берген қандай да болмасын Мазмұнға Сіз BlackBerry компаниясына Сізге BBM Solution жеткізуге қажетті болатын осы Мазмұнды қолдану, тарату, қалпына келтіру, өзгерту, бейімдеу, жалпыға жариялау және жалпыға көрсету үшін дүниежүзілік, ақысыз және айрықшасыз лицензия бересіз; және Сіз екі жағдайда да BlackBerry компаниясына осындай лицензия беру құқығыңыз бар екендігіне кепілдік бересіз және міндеттелесіз.

(d) Жағымсыз Мазмұн және Үшінші тарап Бұйымдары. Сіз BBM Solution немесе Үшінші тарап Қызметін қолдана отырып, шын мәнінде немесе Сіздің пікіріңізше дөрекі, әдепсіз немесе басқа жағынан жағымсыз Мазмұн мен Үшінші тарап Бұйымдарына тәуелді болатыныңызды түсінесіз. BlackBerry компаниясы және оның өкілетті тұлғалары өз қарауынша Сіздің Мазмұныңызды алдын ала тексеруге, бас тартуға немесе Сіздің Мазмұныңызды және кез келген Үшінші тарап Бұйымдарын BBM Solution алып тастауға құқылы (бірақ міндетті емес).

(e) Ата-аналық бақылау және Естияр қадағалау. BBM Solution топтамасы немесе Үшінші тарап Қызметтері Сізге нақыт Мазмұнды, Қызметтерді, Үшінші тарап Қызметтері немесе үшінші тараптарды тойтаруға немесе өткізуге рұқсат беретін реттеулерді қосады. Өзіңіздің қалаулы артықшылық талаптарыңызға сәйкес осындай реттеулерді таңдау және жұмысқа қосу тек Сіздің жеке жауапкершілігіңіз болып табылады. BlackBerry компаниясы осындай реттеулерде қателер жоқ деп кепілдік бермейді, барлық тиісті Мазмұнды, Қызметтерді, Үшінші тарап Қызметтерін немесе үшінші тараптарды тойтарады немесе Сіздің BBM Solution жүйеңізге кіру рұқсаты бар тұлғалардың өшіруіне немесе орап өтуіне жол бермейді. Егер Сіз балаңызға өзіңіздің BBM Solution жүйесін немесе оның бөлігін қолдануға рұқсат берсеңіз, Сіз барлық қаржылық шығындар немесе осындай қолдану немесе кіру нәтижесіндегі барлық міндеттерді көтерумен қатар осындай аталған Қызмет, Үшінші тарап Қызметі немесе Үшінші тарап Бұйымы Сіздің балаңызға лайықты екендігін шешуге Сіз жауапты боласыз.

8. Апаттық қызметтер. BBM Solution жалпы қолданыстағы телефон желісіне қосылмаған, басқа құрылғылармен араласу үшін телефон номерларын қолданбайды және Сіздің әдеттегі ұялы телефоныңыздың немесе тұрақты сымды телефонның орнын ауыстыруға арналмаған. Оған қоса, Сіз BBM Solution әдеттегі тұрақты сымды телефонның немесе сымсыз ұялы телефоныңыздың орнын ауыстыруға және телебайланыс заңдарына сәйкес ("Апатты Қызметтер") "911", "112", "999", "000" нөмірлеріне және пайдаланушыны қоғамдық қауіпсіздік жауап беру қызметіне немесе осы іспеттес апатты қызметке немесе өзге арнайы номерлерге хабарласуға арналмағанын растайсыз және келісесіз. Апатты қызметтерге BBM Solution арқылы телефон шалмайсыз. Сіз BBM Solution басқа қосымша келісулер Апатты қызметтерге кіруге рұқсат алу үшін жасалатынын түсінесіз және қабылдайсыз, ал BlackBerry Компаниялар Тобы және олардың тиісті қызмткерлері, директорлары және жұмысшылары BBM Solution арқылы Апаттық қызметтерге кіре алмаушылыққа байланысты немесе осының салдарынан туындаған қандай да болмасын жеке жарақат, қаза немесе залалдарға жауапты немесе міндетті болмайды.

9. Зияткерлік меншік. Осы Келісімшарт бойынша Сіз BBM Solution жүйесіне немесе оның бөлігіне қатысты патенттер, әзірлеулер, сауда белгілері, авторлық құқық, дерекқор құқықтарын немесе басқа да құпиялы ақпарат немесе сауда құпияларына қатысты құқықтарды, атап айтқанда осы Келісімшарт бойынша BlackBerry Компаниялар Тобының немесе олардың тиісті жабдықтаушыларының BBM Solution бөлігі ретінде берген Мазмұнына қатысты ешқандай зияткерлік меншік немесе өзге меншіктік құқықтарға байланысты меншік құқықтарды, лауазымды немесе мүддені қабылдамайсыз. Атап айтқанда, егер Сіз Жапон елінің тұрғыны болсаңыз, Сіз BBM Solution жүйесіне немесе оның бөлігіне қатысты патенттер, әзірлеулер, сауда белгілері, авторлық құқық, моральды құқық (chosakusha jinkakuken), дерекқор құқықтарын немесе басқа да құпиялы ақпарат немесе сауда құпияларына (eigyo himitsu) қатысты құқықтарды, атап айтқанда осы Келісімшарт бойынша BlackBerry Компаниялар Тобының немесе олардың бөлімшелерінің және олардың тиісті жабдықтаушыларының BBM Solution бөлігі ретінде берген Мазмұнына қатысты ешқандай өнеркәсіптік немесе зияткерлік және жылжитын меншік немесе өзге меншіктік құқықтарға байланысты қандай да болмасын меншік құқықтарды, лауазымды немесе мүддені қабылдамайсыз. Сондай ақ Сіз осы Келісімшартта немесе тиісті Құжаттамада немесе BlackBerry компаниясымен жасаған өзге де екі жақты келісілген қағаз жүзіндегі келісімшарттарда көрсетілген нақты құқықтардан басқа, BBM Solution немесе оның қандай да болмасын бөлігіне қатысты немесе Қызмет арқылы берілген қандай да болмасын Мазмұнға қатысты қандай да болмасын лицензия құқықтарын қабылдамайсыз. Осы құжатта нақты көзделмеген құқықтар нақты түрде сақталады. Түсіндіру мақсатында, осы Келісімшартта көрсетілген қандай да болмасын шарттарға қарамастан, ешқандай жағдайда осы құжатта көзделген BBM Solution қатысты берілетін патент лицензиялары қандай да болмасын Үшінші тарап Қызметтері немесе Үшінші тарап Бұйымдары тарапынан немесе өз алдына немесе Сіздің BBM Solution бірге қолдану үшін ұзартылмайды немесе ұзартылуға жатпайды, және, жоғарыда айтылғанды шектемей, ешқандай жағдайда осы құжат бойынша берілген лицензиялар осындай Үшінші тарап Қызметтерді немесе Үшінші тарап Бұйымдарды жеткізуші осындай Үшінші тарап Қызметтер немесе Үшінші тарап Бұйымдары BBM Solution толығымен немесе бір бөлігіне байланысты немесе өз алдына BBM Solution немесе оның бөлігі осы Келісімшарт негізінде лицензиялану шартына байланысты BlackBerry патентымен лицензияланған деп кесіп айтуға жатпайды. Бағдарламалық жасақтама және Бағдарламалық жасақтамадан Сіздің жасаған кез келген көшірмелеріңіз тек Сізге ғана лицензияланады бірақ сатылмайды және BlackBerry Компаниялар Тобының Сізге BBM Solution бөлігі ретінде және кез келген Қызметтерге кіру рұқсатын беретін барлық сайттар, Бағдарламалық жасақтамасы, барлық Құжаттамасы және барлық Мазмұны Канада, АҚШ және халықаралық авторлық құқық және патент туралы заңдармен және халықаралық келісімшарттардың талаптарымен қорғалады. Зияткерлік меншік талаптарын бұзған үшін азаматтық және қылмыстық ретте бірнеше айыппұлдар қарастырылған. Сіз осы Келісімшарт бойынша ешбір жағдай қандай да болмасын құқықтарға және құқықтық қорғаныс әдістеріне жүгінуге жағымсыз әсерін тигізбейтініне келісесіз, атап айтқанда BlackBerry компаниясының немесе Мазмұн жабдықтаушының зияткерлік меншік немесе өзге меншіктік құқықтарын қорғауға қатысты қандай да болмасын қолданыстағы заңдар астында BlackBerry компаниясы немесе Қызметке Мазмұн жабдықтаушыларға қатысты Сізідің сот құзыретіңіздегі осындай аталмыш құқықтық қорғанысқа соттың тыйым салуы. Егер Сіз: (i) авторлық құқық туралы күші бар заңы жоқ жерде сот құзыреті орнында тұрсаңыз; немесе (ii) осы Келісімшар бойынша лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы авторлық құқық туралы күші бар заңы қорғамайтын сот құзіреті орнында тұрсаңыз, онда басқа міндеттемелерге қоса, Сіз өзіңіздің сот құзыреті орнында қолданатын заңдарға бағына отырып, Сіз Канада авторлық құқық туралы заңы Сізге және Сіздің BBM Solution қолдануыңызға және Үшінші тараптарға күші бар болатындығын осы ретте қабылдайсыз.

10. Экспорт, Импорт және Қолдану шектеулері және АҚШ Мемлекеттік Лицензиялары. Бағдарламалық жасақтама криптографиялық технологиядан құралуы мүмкін және Сіз оны тек тиісті үкіметтік органдардың қолданыстағы заңдары мен ережелеріне сәйкес болған жағдайлардан тыс экспорттамайсыз, импорттамайсыз, қоданбайсыз, табыстамайсыз немесе қайта экспортқа шығармайсыз. Осы ретте Сіз мойындайсыз: (A) өзіңіздің қаперіңізге жеткендей, Сіз қолданыстағы заңдарға сәйкес Бағдарламалық жасақтаманы алуға құқылысыз жцне АҚШ Үкіметінің эмбаргосына жататын елдердің біреуінде немесе АҚШ Үкіметінің «террористік қолдау көрсететін» елдердің біреуінде тұрмайсыз және Сіз АҚШ Үкіметінің тыйым салынған немесе шектелген тараптардың тізіміне кірмейсіз; және (B) Сіз Бағдарламалық жасақтаманы химиялық, биологиялық немесе атомдық қаруларды немесе олардың жарақтарын жіберу жүйелерін және осындай қаруларды немесе олардың жарақтарын жіберу жүйелерінде қолданылатын материалдарды немесе жабдықтарды, немесе осындай әрекеттер жасайтын тараптарға қайта сату немесе экспорттау мақсатында әзірлеуге, өндіруге, тасымалдауға, техникалық қызмет көрсетуге, сақтауға, анықтауға немесе таратуға қатысты қолданбайсыз. Үшінші тараптармен жасалған келісімшарттар немесе заңдардың, ережелердің немесе саясаттың талаптарына қарамастан, егер Сіз АҚШ Үкіметінің органы болсаңыз, Сіздің Бағдарламалық жасақтамаға қатысты құқықтарыңыз BlackBerry компаниясымен BlackBerry компаниясының атқарушы директоры немесе басқарушы директоры қол қойған Сіз және BlackBerry компаниясы арасында жасалған жазбаша келісімде нақты көрсетілмеген жағдайда, осы Келісімшартта көрсетілген құқықтарыңыздан аспайды.

11. Қорғаныс, Тіркелу жазбалары және Құпия сөздер.

(a) Тіркелу жазбалар мен Құпия сөздерді қолдану. Сіз өзіңіздің BBM Solution жүйесіне, атап айтқанда Бағдарламалық жасақтама орнатқан Құрылғыға кіру рұқсатын бақылауға қорғаныс шараларын ұйымдастыруға толықтай жауапкершілікте боласыз. Жоғрыда аталғанды шектемей, Сіз қорғаныс деңгейі жоғары құпия сөздерді таңдауға және Сіздің BBM Solution немесе оның бөлігіне, атап айтқанда Сіздің BBM Solution қатысты қолданатын BlackBerry ID кіруге қолданылатын барлық құпия сөздердің қорғанысы мен құпиялылыған сақтауға келісесіз. Сіз осыдан әрі өзіңіздің тіркелу жазбаңызда немесе осы арқылы құпия сөздеріңізді қолдануға байланысты, сондай ақ барлық қаржылық шығындар мен міндеттерге жауапты болуға келісесіз. Сіз BlackBerry компаниясын BBM Solution немесе оның бөлігіне рұқсат етілмеген кіру, атап айтқанда BBM Solution кез келген бөлігіне кіретін құпия сөздер туралы BlackBerry тұтынушыларды қолдау қызметіне (байланыс мәліметтер www.blackberry.com/support берілген) жедел хабардар етуге келісесіз. BlackBerry компаниясы осындай хабарлама алған бойда өзі лайықты деп санайтын әрекеттерді жасай алады, бірақ осындай әрекеттерді жасауға міндетті емес. Сіз You agree that notifying BlackBerry компаниясын жоғарыда айтылғандай хабардар ету Сізді құпия сөздеріңізді қолдану немесе тіркелу жазбаларыңыз арқылы болған осындай әрекеттер жауапкершілігнен босатпайтынына келісесіз.

(b) BlackBerry ID. Егер Сіз әлі BlackBerry ID алмасаңыз, оны BBM Solution жүйесіне кіруге және қолдану үшін жасау сұралады. Жасалған бойда Сіздің BlackBerry ID осындай BlackBerry ID қолдайтын басқа өнімдер мен қызметтерге кіре аласыз және кіруге құқығыңыз болады ("BlackBerry ID арқылы кіруге болатын Қызметтер"). Егер Сіз және BlackBerry компаниясы арасында Сіздің BlackBerry ID осындай өнімдер мен қызметтерге қатысты қолдану туралы өзге шарттар мен ережелер көзделмесе, Сіз BlackBerry ID қызметіне, Қызмет және BBM Solution бөлігі ретінде, сондай ақ BlackBerry ID BlackBerry ID арқылы кіруге болатын Қызметтерге қолдануға осы Келісімшартта көзделген шарттар мен ережелер қарастырылатынына келісесіз; шектеусіз атап айтқанда, 2, 3, 5, 6, 9, 12, 16, 17, 18, 19, 20 және осы 11 Бөлімдер. Осыған қоса, осы Келісімшарт бойынша тоқтатылған шарттар мен ережелер осындай шарттар мен ережелерді Сіздің BlackBerry ID өзге BlackBerry ID арқылы кіруге болатын Қызметтерге қатысты қолдануыңызға ықпалын тигізбейді, тек BlackBerry компаниясының хабарлауынша осындай тоқтату Сіздің BlackBerry ID ге BlackBerry ID арқылы кіруге болатын Қызметтерге қатысты қолдану құқығыңызды тоқтату үшін қарастырылмаса.

12. Құпиялық және кері құрастырмау . Сіз BBM Solution төмендегідей болғанын растайсыз және қабылдайсыз: (a) BlackBerry компаниясының және/немесе BlackBerry Компаниялар Тобының қаржысына орынды уақытта әзірлеген; және (b) BBM Solution BlackBerry компаниясының сауда құпиясы (егер Сіз Жапон елінің тұрғыны болсаңыз, сауда құпиялары "eigyo himitsu" деген атпен белгілі), BlackBerry Компаниялар Тобы және олардың тиісті жабдықтаушылары сияқты құпия ақпаратты сақтайды. Осы Келісімшарт бойынша Сізге BlackBerry компаниясынан, BlackBerry Компаниялар Тобынан және олардың тиісті делдал компанияларынан Бағдарламалық жасақтама, Қызметтер, Үшінші тарап Бұйымдары немесе Үшінші тарап Қызметтері туралы көз кодын алуға құқық берілмейді, және BlackBerry компаниясына осындай әрекеттерді шектеу туралы заңдарда нақты көрсетілген дәрежеде, Сіз Бағдарламалық жасақтаманы, Қызметтерді немесе Үшінші тарап Бұйымдарын немесе Үшінші тарап Қызметтерін өзгертпеуге, құрылысын ауыстырмауға, бейімдемеуге, туынды өнімдерді жасамауға, аудармауға, құртпауға немесе кері құрастырмауға немесе осындай әрекеттер жасауға талпынбауға немесе басқа тараптарды осындай әрекет жасауда қолдамауға, келіспеуге, рұқсат етпеуге немесе итермелемеуге келісесіз. Осы Келісімшарттың мақсатында «Кері құрастыру» деген мағына бір нұсқадан адам оқитындай нұсқаға ауыстыруға қажетті мәлімет, бағдарламалық жасақтама (айтап айтқанда, интерфейстер, протоколдар және бағдарламалық жасақтама коды ретінде техникалық тұрғыдан расталған немесе расталмаған бағдарламаларға енгізілген немесе осылармен бірге қолданылатын басқа да мәліметтер), қызмет, немесе техникалық құралдар немесе тәсілдер мен процестерге қажетті қандай да болмасын құрастыру, аудару, шашу, декомпиляциялау, кодын ашу немесе құрылысын бұзу әрекеттерін (атап айтқанда, " RAM/ROM немесе тұрақты сақтаудың мазмұнын шығарып алу", "сымды немесе сымсыз байланысты талдау" немесе "қара жәшік құпияланған құрылғыны" кері құрастырудың кез келген аспектілері) білдіреді.

13. Шарттар. Осы Келісімшарт Сіздің осы Келісімшарт талаптары мен ережелерін қабылдауға келіскен бойда (алғысөзде сипатталғандай) күшіне енеді және егер осында көзделген ережелерге сәйкес тоқтатылмаса, күшінде болады.

14. Құқықтық қорғаныс және Тоқтату.

BlackBerry компаниясының осы Келісімшартта көрсетілген құқықтары мен құқықтық қорғанысына қоса:

(a) егер Сіз осы Келісімшартты бұзған жағдайда, BlackBerry немесе оның агенті өздерінің санауы бойынша лайықты әрекеттер жасй алады, бірақ жасуға міндетті емес. Осындай әрекеттерге шектеусіз жататындар: Сіздің BBM Solution жүйеңіздің кез келген бөлігін немесе Сіздің BBM Solution жүйеңізбен бірге қолданылатын кез келген Үшінші тарап Бұйымын сол арада кідірту немесе тоқтату.

(b) BlackBerry осы Келісімшартта немесе заңдар бойынша көзделген барлық құқықтарына және құқықтық қорғанысына қоса төмендегі әрекеттерді жасай алады; (i) осы Келісімшартты және Сіз бен BlackBerry арасында жасалған Сіздің қолданатын BBM Solution жүйеңіздің бөлігіне кез келген лицензия келісімшарттарын Сіз осы Келісімшартты немесе Сіз бен BlackBerry немесе оның бөлімшелері арасында жасалған күші бар қосымшалар мен басқа келісімшарттарды бұзған жағдайда, атап айтқанда төлем уақыты келген уақыттан бастап қандай да болмасын ақыларды отыз (30) күн ішінде төлемеген жағдайда сол мезетте тоқтату; және/немесе (ii) Сізге BBM Solution қатысты қандай да болмасын Қызмет(-терді) көрсетуді кідірту. Сіз BlackBerry компаниясына нақты байланыс ақпарат берген жағдайда, BlackBerry компаниясы Сізге тоқтату туралы хабарлама жіберуге әрекет етеді.

(c) Оған қоса, егер BlackBerry компаниясы BBM Solution жүйесінің барлығын немесе бөлігін беруге қатысты құқықтық немесе өзге үкіметтік органдардың қандай да болмасын заңымен, ережесімен, талаптарымен немесе нұсқауымен шектетілсе немесе BlackBerry компаниясы BBM Solution жүйесінің барлығын немесе бөлігін беру рұқсатынын айыру туралы үкіметтік органдардың немесе бөлімдердің хабарламасын алса, BlackBerry компаниясы Сіздің алдыңызда ешқандай міндетсіз сол мезетте BBM Solution барлығын немесе бөлігін беруді және/немесе Келісімшартты тоқтата алады. Осында көрсетілген талаптардың ешқайсысы BlackBerry компаниясын осындай заң, ереже немесе шектеу құқығынан бас тартуды немесе сот шешімін қайта қарауға немесе сот шешіміне шағымдануға жүгінуді талап ете алмайды. Негізді болған жағдайда, BlackBerry компаниясы Сізге төленген Қызмет жағдайында осындай тоқтату немесе кідіртуге дейін отыз (30) күн бұрын хабарлама жіберуге барлық орынды күшін салады.

(e) осы Келісімшартта нақты көрсетілмеген жағдайда, BlackBerry компаниясы Сіздің алдыңызда осы Келісімшартты тоқтатуға байланысты немесе осы Келісімшарт бойынша берілген қандай да болмасын құқықтар немесе лиценизяларға байланысты қандай да болмасын міндетте болмайды.

(f) осы Келісімшарт бойынша BlackBerry компаниясымен жасалған кез келген тоқтатулар Сіздің сот құзіреті орныңыздан қандай да болмасын соттық немесе әкімшілік рұқсатынсыз, бекітулерсіз және қаулыларсыз болады. Егер Сіз Индонезия елінің тұрғыны болсаңыз, осы Келісімшарттың талаптары бойынша сот үкімі мен шешімі талап етілмейтін дәрежеде Сіз Индонезия елінің Азаматтық Кодексінің 1266 бабының талаптарынан осы ретте бас тартасыз.

15. Тоқтату салдары. Осы Келісімшартты тоқтатқан бойда Сізге көрсетілетін BBM Solution немесе Қызмет, немесе Сіздің BBM Solution немесе оның бөлігіне жазылу немесе ақысыз сынақтық пайдалану мерзімінің шарттары төмендегі жағдайларда күшін жояды немесе тоқтатылады: (a) Сіз сол арада BBM Solution барлығын қолдануды тоқтатасыз және қарастырылған өзіңізге тиесілі немесе бақылауыңыздағы Бағдарламалық жасақтаманың барлық көшірмелерін кетіресіз немесе алып тастайсыз, немесе осы Келісімшарт тоқтатылмаған жағдайда, лицензия берілген Бағдарламалық жасақтаманың бұйымын (бұйымдарын), немесе жойылған немесе тоқтатылған Қызметтерге қатысты болса пайдаланатын Қызметті; және (b) BlackBerry компаниясы Сізді хабардар етпей, осындай Бағдарламалық жасақтама және/немесе Қызметтен немесе кері қандай да болмасын деректерді жіберуді тойтару құқығын қолданады. Сіздің BBM Solution немесе оның бөлігін қолдану лицензиясы аяқталған немесе тоқтатылған жағдайда, Сіз BlackBerry компаниясына Сізді хабардар етпей, Сіздің BBM Solution немесе тиісті бөлігіне қатысты тіркелу жазбасымен байланысты барлық файлдарды, бағдарламаларды, деректерді және хабарламаларды жоюға өкілеттілік бересіз. Сіз BBM Solution және Үшінші тарап Бұйымының тиісті бөлігіне қатысты тоқтату күніне шаққанда барлық қарыз төлемдерге жауапты болып қаласыз, оның ішінде Сізге рұқсат етілген төлем жасау режимі бойынша есептелген сомалар. Егер осы Келісімшарт BlackBerry компаниясымен осы келісімшарттың талаптары бойынша тоқтатылған кезде, Сіз BlackBerry компаниясына BlackBerry компаниясы өзінің осы Келісімшартта көзделген құқықтарын орындауға қатысты шығарған барлық төлемдер мен шығындарды (заңгердің осы ретте есептеген бағалары мен шығындары) жабуыңыз тиіс .

16. Сіздің BBM Solution жүйеңіз бойынша жауапкершілігіңіз. Сіз өзіңіздің BBM Solution жүйеңізді қолдануға жауапты боласыз және BlackBerry компаниясы, BlackBerry Компаниялар Тобы және олардың жабдықтаушылары, мұрагерлері, агенттері, өкілетті делдал компаниялары, (оған қоса Эфир уақыты қызметін көрсетушілері) және құқықтық мирасқорлары, және олардың әрқайсысының директорлары, қызметкерлері, жұмысшылары және тәуелсіз мердігерлері алдында Сіз BBM Solution қолдануыңызға байланысты туындаған қандай да болмасын залалдарға, зияндарға, шығындар мен шығыстарға (заңгердің осы ретте есептеген бағалары мен шығындары), атап айтқанда Сіздің осы Келісімшартты немесе қосымшаларын бұзу салдарына ("Залалдар") және үшінші тараптардың шағымдары мен сот талаптарынан туындаған қандай да болмасын Залалдарға жауапты боласыз және осыларға қатысты өтемақы төлеуге міндетті боласыз. BlackBerry компаниясына осы ретте осы Келісімшартта немесе заңдарда немесе әділеттік құқықтарда көрсетілген барлық құқықтық қорғаныстардан басқа, бірақ барлық осындай құқықтық қорғаныстар жиынтық түрінде, ешқандай құқықтық қорғаныс көрсетілмейді.

17. Кепілдік; Түсіндірме.

КЕЙБІР СОТ ҚҰЗЫРЕТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЗАҢДАРЫ ТҰТЫНУШЫЛАРМЕН КЕЛІСІМШАРТТАРДА МІНДЕТТЕРДІ ШЕКТЕУДІ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕРДІ, ШАРТТАРДЫ, РАСТАУЛАРДЫ, КЕПІЛДЕМЕЛЕРДІ, СЕНДІРУЛЕРДІ НЕМЕСЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРДІ ЖОЮДЫ ҚАРАСТЫРМАУЫ МҮМКІН, АЛ СІЗ ТҰТЫНУШЫ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ОСЫ ШЕКТЕУЛЕР СІЗГЕ ҚАРАСТЫРЫЛМАУЫ МҮМКІН.

(a) BBM Solution. BlackBerry компаниясы BBM Solution жүйесіне лайықты қамқаорлық мен тәжірибе қолданады. BlackBerry компаниясы BBM Solution туралы басқа уәделер мен кепілдемелер бермейді, атап айтқанда төмендегілерді қамтамасыз етуге немесе осы іспеттес әрекеттер жасауға кепілдік бермейді:
(i) Сіздің BBM Solution қолдануыңыз тоқтатылады немесе қатесіз болады немесе үнемі жалғасады; немесе
(ii) Сіздің BBM Solution, оған қоса Сізге жіберілген немесе Сіз жіберген, Сіз немесе Сіздің атыңыздан сақталған барлық хабарламалар, Мазмұн немесе ақпарат жоғалудан, бұзылудан, шабуылдан, вирустардан, араласудан, бұзып кіруден немесе басқаша қауіпсіздік нұқсаннан сақталады немесе нақты болады, лайықты уақыт ішінде бүтіндей немесе бүзылған түрде жіберіледі.

(b) Жалпы кепілдіктер.
(i) ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРДА БАРЫНША ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ДӘРЕЖЕДЕ, ТЕК ОСЫ КЕЛІСІМШАРТТА НАҚТЫ КӨРСЕТІЛМЕСЕ, БАРЛЫҚ ТҮРДЕГІ, НАҚТЫ НЕМЕСЕ БОЛЖАМДЫ, ШАРТТАР, РАСТАУЛАР, КЕПІЛДЕМЕЛЕР, СЕНІМДЕР, ТҮСІНДІРМЕЛЕР НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕР, ОҒАН ҚОСА ҰЗАҚТЫҚ, НАҚТЫ МАҚСАТҚА НЕМЕСЕ ҚОЛДАНУҒА СӘЙКЕСТІГІ, САТУҒА ЖАРАМДЫЛЫҒЫ, КОМЕРЦИЯЛЫҚ САПАСЫ, БҰЗУШЫЛЫҚ БОЛМАУЫ, ЛАЙЫҚТЫ САПА НЕМЕСЕ ЛАУАЗЫМ ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ ЗАҢДАРҒА НЕМЕСЕ ЕРЕЖЕЛЕРГЕ НЕМЕСЕ БАСҚАРУ БАРЫСЫНА НЕМЕСЕ САУДАНЫ ҚОЛДАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ШАРТТАР, РАСТАУЛАР, КЕПІЛДЕМЕЛЕР, СЕНІМДЕР, ТҮСІНДІРМЕЛЕР НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕР НЕМЕСЕ БАРЛЫҚ ТҮРДЕГІ, НАҚТЫ НЕМЕСЕ БОЛЖАМДЫ БАРЛЫҚ РАСТАУЛАР, КЕПІЛДЕМЕЛЕР, СЕНІМДЕР, ТҮСІНДІРМЕЛЕР НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕР ОСЫ РЕТТЕ ЖОЙЫЛАДЫ НЕМЕСЕ ТОЙТАРЫЛАДЫ.
(ii) қолданыстағы заңдарда барынша қарастырылған дәрежеде, Бағдарламалық жасақтамаға қатысты кез келген болжамды шарттар, растаулар, кепілдемелер, сенімдер, түсіндірмелер немесе кепілдіктер жоғрыда айтылғандай жойыла алмайтын, бірақ шектетілетін дәрежеге дейін Сіз Бағдарламалық жасақтаманы өзіңіздің Құрылғыға қондырған күннен бастап тоқсан (90) күнге дейін шектеледі.
(i) Сіз Индонезия елінің тұрғыны болсаңыз, Индонезия заңдарына сәйкес тиесілі басқа құқықтық қорғаныстардан нақты түрде бас тартасыз.

(c) Үшінші тарап Бұйымдары және Үшінші тарап Қызметтері, байланысқан сайттар.
(i) ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРДА АРНАЙЫ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ДӘРЕЖЕДЕ, ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫ BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА БОЛМАЙДЫ, BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫ ҚАНДАЙ ДА БОЛМАСЫН АРНАЙЫ ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫН НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІН РАСТАМАЙДЫ, ЖӘНЕ BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫ СІЗДІҢ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІН НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫН ТАҢДАУЫҢЫЗҒА, ҚОЛДАНУЫҢЫЗҒА, КІРУІҢІЗГЕ НЕМЕСЕ ЕНГІЗУІҢІЗГЕ ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
(ii) ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН ТӨМЕНДЕГІЛЕРГЕ ҚАРАМАСТАН ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ: (A) СІЗ ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫНА ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ҚІРУ РҰҚСАТЫН ҚАЛАЙ АЛДЫҢЫЗ, АТАП АЙТҚАНДА I.E. BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫНАН НЕМЕСЕ СІЗДІҢ ЭФИР УАҚЫТЫ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУШІНЕН ТЫС НЕМЕСЕ ОСЫЛАР АРҚЫЛЫ; НЕМЕСЕ (B) ОСЫНДАЙ ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫ НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІ (ЭФИР УАҚЫТЫ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҚОСА АЛҒАНДА) СІЗДІҢ BBM SOLUTION БАРЛЫҒЫН НЕМЕСЕ БӨЛІГІН ҚОЛДАНУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ.
(iii) ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫ ШЕКТЕМЕЙ, ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРДА АРНАЙЫ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ДӘРЕЖЕДЕ, ЕШҚАНДАЙ ШАРТТАРСЫЗ, РАСТАУЛАРСЫЗ, КЕПІЛДЕМЕЛЕРСІЗ, СЕНІМДЕРСІЗ, ТҮСІНДІРМЕЛЕРСІЗ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕРСІЗ БАРЛЫҚ ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІ BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫ АРҚЫЛЫ BBM SOLUTION БІРГЕ ҚОЛДАНУ ҮШІН «ӨЗІ БОЛҒАН КҮЙІНДЕ» ЖӘНЕ «ДАЙЫН БОЛҒАНЫНА ҚАРАЙ» КҮЙІНДЕ ЖІБЕРІЛДІ НЕМЕСЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ, ЖӘНЕ BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫ СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДА НЕМЕСЕ СІЗ АРҚЫЛЫ ШАҒЫМДАНҒАН ҮШІНШІ ТАРАП АЛДЫНДА ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫН НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ, АТАП АЙТҚАНДА: (A) ОСЫНДАЙ ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫНЫҢ НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ НЕМЕСЕ КІРУГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ БІР БӨЛІГІНІҢ НАҚТЫЛЫҒЫ, ЖІБЕРУІ, УАҚЫТ ШЕҢБЕРІН САҚТАУЫ НЕМЕСЕ ТОҚТАУСЫЗ ЖАЛҒАСУЫ; (B) ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫНЫҢ НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІ НЕМЕСЕ ӨНІМСІЗДІГІ; НЕМЕСЕ (C) ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫНЫҢ НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ СІЗДІҢ BBM SOLUTION БАРЛЫҒЫМЕН НЕМЕСЕ БӨЛІГІМЕН ӨЗАРА СӘЙКЕСТІГІ; НЕМЕСЕ (D) ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫ НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ, АТАП АЙТҚАНДА ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ СІЗДІҢ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ ҚАНДАЙ ДА БОЛМАСЫН ӘРЕКЕТСІЗДГІ.
(iv) ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДЫ ШЕКТЕМЕЙ, ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРДА АРНАЙЫ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ДӘРЕЖЕДЕ, СІЗ BLACKBERY КОМПАНИЯСЫ КЕЗ КЕЛГЕН ВИРУСТАРҒА, НЕМЕСЕ ҚАТЕР ТУҒЫЗАТЫН, ЖАЛА ЖАБАТЫН, ДӨРЕКІ, ШЫҒЫНДЫ, СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН НЕМЕСЕ ЗАҢСЫЗ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ, ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫНА НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚАЙШЫ КЕЛЕТІН ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫНА НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫ ЖІБЕРУ ҮШІН ЖАУАПТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТІ БОЛМАЙТЫНЫНА КЕЛІСЕСІЗ. СІЗДІҢ ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫ НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ОСЫНДАЙ ШАҒЫМ БОЛҒАН КЕЗДЕ СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУҒА ЖҮГУНУІҢІЗ ТЕК ТИІСТІ ҮШІНШІ ТАРАПТАРҒА ҚАТЫСТЫ БОЛАДЫ.

(d) Аса маңызды қосымшалар. СІЗДІҢ BBM SOLUTION НЕМЕСЕ ОНЫҢ БӨЛІГІ АСА МАҢЫЗДЫ ҚОСЫМШАЛАРДА НЕМЕСЕ ҚАТЕРЛІ ОРТАДА НЕМЕСЕ БҰЗЫЛУҒА ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС ЖҮЙЕСІН НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛАП ЕТЕТІН ОРТАДА, АТАП АЙТҚАНДА АТОМДЫҚ НЫСАНДАРДЫ, ҰШАҚ НАВИГАЦИЯСЫ НЕМЕСЕ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ, ӘУЕ ТАСЫМАЛДАУ ЖОЛДАРЫН БАҚЫЛАУ, ӨМІРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ НЕМЕСЕ АПАТТАЫҚ ОРЫНДЫ АНЫҚТАУ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ АПАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛМАҒАН. СІЗ ТИІСТІ ДЕРЕКТІ ОРНЫНА ҚАЙТАРУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ КЕПІЛДІК БЕРЕСІЗ ЖӘНЕ ТӨМЕНДЕГІ ЖАҒДАЙЛАРДА: (I) ҚОЛДАНУ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТ ТОҚТАТУ; НЕМЕСЕ (II) ДЕРЕКТЕРДІ ЖІБЕРУ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАТЕЛЕРІ; НЕМЕСЕ (III) ДЕРЕКТЕРДІ ЖОҒАЛТУ НЕМЕСЕ ҚҰРТУ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА СІЗ ТЕЗ АРАДА БАРЛЫҚ ЗАЛАЛДАРДЫ ЖӘНЕ ЗИЯНДАРДЫ ЖОЮҒА ЖӘНЕ ОСЫНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРДІ BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАУҒА ӘРЕКЕТ ЖАСАЙСЫЗ. 18(B)БӨЛІМДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ЖАЛПЫ ЗАЛАЛДАРДАН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС ТАЛАПТАРЫН ШЕКТЕМЕЙ, ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫ СІЗДІҢ BBM SOLUTION НЕМЕСЕ БӨЛІГІН АСА МАҢЫЗДЫ ҚОСЫМШАЛАРДА НЕМЕСЕ ҚАТЕРЛІ ОРТАДА НЕМЕСЕ БҰЗЫЛУҒА ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС ЖҮЙЕСІН НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛАП ЕТЕТІН ОРТАДА ҚОЛДАНУЫҢЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ, ОСЫНДАЙ ЗАЛАЛДАР БОЛЖАМДАНҒАНЫНА НЕМЕСЕ БОЛЖАМДАНБАҒАНЫНА ҚАРАМАСТАН, BLACKBERRY ОСЫНДАЙ ЗАЛАЛДАР БОЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН ЖАҒДАЙДА ДА ЗАЛАЛДАРҒА ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

(e) iTunes Дүкенінен сатып алынған Бағдарламалық жасақтама. iTunes дүкенінен сатып алынған қандай да болмасын Бағдарламалық жасақтамаға келсек, Бағдарламалық жасақтаманың пайдаланатын кепілдеменің талаптарына сәйкес болмауы кезінде, Сіз Apple хабардар ете аласыз және Apple сіз Бағдарламалық жасақтама көшірмесіне төлеген сатып алу бағасының сомасын қайтарады және Apple пайдаланатын кепілдеменің талаптарына сәйкес болмауы салдарынан туындаған залал, шағым, міндеттер, зияндар, шығындар мен шығыстарға жауапты болмайды.

18. Міндеттерді шектеу.

КЕЙБІР ЕЛДЕРДЕ ТҰТЫНУШЫЛАРМЕН КЕЛІСІМШАРТТАРДА САЛДАРЛЫ, ЖАНАМА НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ЗАЛАЛДАРДЫ ШЕКТЕУ НЕМЕСЕ ЖОЮ ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ СІЗ ТҰТЫНУШЫ БОЛҒАН ДӘРЕЖЕДЕ ОСЫ ШЕКТЕУЛЕР НЕМЕСЕ ЖОЮЛАР СІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ҚАРАСТЫРЫЛМАУЫ МҮМКІН.

(a) ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРДА БАРЫНША ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ДӘРЕЖЕДЕ ЖӘНЕ ОСЫ КЕЛІСІМШАРТТА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС АМАЛДАРЫНА СӘЙКЕС, ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫ ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ЗАЛАЛДАР ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ: САЛДАРЛЫ, АЙЫППҰЛ ТҮРІНДЕ, КЕЗДЕЙСОҚ, ЖАНАМА (ЕГЕР СІЗ ЖАПОН ЕЛІНІҢ ТҰРҒЫНЫ БОЛСАҢЫЗ, БҰЛ ЖАҒДАЙ "KANSETSU SONGAI" ДЕГЕН АТПЕН БЕЛГІЛІ), АРНАЙЫ (ЕГЕР СІЗ ЖАПОН ЕЛІНІҢ ТҰРҒЫНЫ БОЛСАҢЫЗ, БҰЛ ЖАҒДАЙ "TOKUBETSU SONGAI" ДЕГЕН АТПЕН БЕЛГІЛІ), КЕК АЛУ, МОРАЛЬДЫ ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН ЗАЛАЛДАР, ІСКЕРЛІК ПАЙДА МЕН КІРІСТІҢ БОЛМАУ ЗАЛАЛДАРЫ, КҮТІЛГЕН ҮНЕМДЕУДІ БІЛМЕУ, БИЗНЕСТІҢ ТОҚТАУЫ, ІСКЕРЛІК АҚПАРАТТЫҢ ЖОЙЫЛУЫ, ІСКЕРЛІК МҮМКІНДІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚҰРТЫЛУЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАЛУЫ НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕР ҚОРҒАНЫСЫН БҰЗУ, ДЕРЕКТЕРДІ ЖІБЕРУ НЕМЕСЕ АЛУ ҚАТЕЛІКТЕР, СІЗДІҢ BBM SOLUTION БІРГЕ ҚОЛДАНАТЫН ҚОСЫМШАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ НЕМЕСЕ СІЗДІҢ BBM SOLUTION НЕМЕСЕ ОНЫҢ БӨЛІГІН BLACKBERRY БАСҚА ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗГЕРТУ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ САЛДАРЫНАН ТУЫНДАҒАН ПРОБЛЕМАЛАР, ТҰРЫП ҚАЛУ ШЫҒЫНДАРЫ, СІЗДІҢ BBM SOLUTION НЕМЕСЕ ОНЫҢ БӨЛІГІН НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІН НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫН ҚОЛДАНУҒА НҰСҚАН КЕЛТІРУ, ОРНЫН АУЫСТЫРАТЫН ТАУАРЛАРДЫҢ ҚҰНЫ, ОРНЫН ЖАБУ, НЫСАНДАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚҰНЫ, АКЦИОНЕРЛІК КАПИТАЛ ҚҰНЫ НЕМЕСЕ ОСЫ ІСПЕТТЕС ОСЫ КЕЛІСІМШАРТҚА БАЙЛАНЫСТЫ НЕМЕСЕ BBM SOLUTION ҚОЛДАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ БОЛҒАН ҚАРЖЫЛАЙ ШЫҒЫНДАР, АТАП АЙТҚАНДА BBM SOLUTION ҚОЛДАНУ, ҚОЛДАНА АЛМАУ, ӨНІМДІЛІГІ НЕМЕСЕ ӨНІМСІЗДІГІ, ОСЫНДАЙ ЗАЛАЛДАР БОЛЖАМДАНҒАНЫНА НЕМЕСЕ БОЛЖАМДАНБАҒАНЫНА ҚАРАМАСТАН, BLACKBERRY ОСЫНДАЙ ЗАЛАЛДАР БОЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН ЖАҒДАЙДА ДА.

(b) қолданыстағы заңдарда барынша қарастырылған дәрежеде, BlackBerry компаниясының жиынтық міндеттері төмендегі көрсетілгеннен ешқандай жағдайда аспайды: (i) Бағдарламалық жасақтаманы шығару кезінде соның бөлігіне төленген сома; (ii) ақылы Қызмет көрсетілу кезінде оның тиісті мерзіміне төленген сома; және (iii) бес (5) АҚШ доллары.
(c) қолданыстағы заңдарда барынша қарастырылған дәрежеде, BlackBerry компаниясы осы Келісімшарт бойынша Сіздің алдыңызда міндетті болған дәрежеде, BlackBerry компаниясы тек Сіздің BBM Solution осындай бұзылуы, кідіруі немесе тоқтатылуы кезеңінде туындаған залалдарға ғана жауапты болады.
(d) Осы Бөлімде ешқандай жағдай BlackBerry компаниясының Сіздің алдыңыздағы міндеттерін, тек қаза немесе жарақат BlackBerry немқұрайдылығына байланысты орын алған дәрежеде, шектемейді; BlackBerry компаниясы қандай да болмасын залалдарың орнын толтыратынын есепке ала отырып, олар Сіздің немесе өзге жағдайдың дәрежесіне дейін азайтылады.
(e) ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРДА БАРЫНША ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ДӘРЕЖЕДЕ, БАРЛЫҚ ТАРАПТАР БІР-БІРІНІҢ АЛДЫНДА ТЕК ОСЫ КЕЛІСІМШАРТТА КӨЗДЕЛГЕНДЕЙ ҒАНА ЖАУАПТЫ БОЛАДЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕР, ТАЛАПТАР, ЗАҢДАР ЖӘНЕ БАСҚАША ҚАРАСТЫРЫЛҒАНДАЙ БАСҚА МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ БОЛМАЙДЫ.
(f) ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРДА БАРЫНША ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ДӘРЕЖЕДЕ, ОСЫ КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ШЕКТЕУЛЕР, ЖОЮЛАР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАН БАС ТАРТУЫ: (I) НЕМҚҰРАЙДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ, ҚАТАҢ МІНДЕТ, ЗАҢ, КЕЛІСІМШАРТ ТАЛАПТАРЫН БҰЗУ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ЗАҢДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БҰЗУМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, ӘРЕКЕТТІҢ САЛДАРЫНЫҢ СИПАТЫНА, ТАЛАПҚА НЕМЕСЕ СІЗДІҢ ӘРЕКЕТІҢІЗГЕ ҚАРАМАСТЫН ҚОЛДАНЫЛАДЫ; (II) ОСЫ КЕЛІСІМШАРТТЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ НЕМЕСЕ ОНДА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ НЕГІЗГІ БҰЗЫЛУЫНА НЕМЕСЕ БҰЗЫЛУЛАРЫНА НЕМЕСЕ ЖОЙЫЛУЫНА ТОЙТАРЫП БЕРУ; (III) ОСЫ КЕЛІСІМШАРТТА КӨЗДЕЛГЕН ЗАЛАЛДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ МІНДЕТТЕРІН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ТАРАПТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫНА БАСҚА ТАРАПТЫҢ СӘЙКЕС БОЛМАУЫ НЕМЕСЕ БҰЗУЫ НЕМЕСЕ ОСЫ КЕЛІСІМШАРТТЫҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗУ "BBM SOLUTION ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ" (БӨЛІМ 2), "БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ҚОЛДАНУ" (БӨЛІМ 3), "ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК" (БӨЛІМ 9), "ЭКСПОРТ, ИМПОРТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ШЕКТЕУЛЕРІ ЖӘНЕ АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯЛАРЫ" (БӨЛІМ 10), "ҚҰПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КЕРІ ҚҰРАСТЫРМАУ" (БӨЛІМ 12) ЖӘНЕ "ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІ" (БӨЛІМ 20) ДЕП АТАЛҒАН ТАЛАПТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ҚОЛДАНБАУ, ЖӘНЕ (IV) ЖИЫНТЫҚ ТҮРДЕ BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫНА, BLACKBERRY КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНА ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МҰРАГЕРЛЕРІНЕ, ҚҰҚЫҚТЫҚ МИРАСҚОРЛАРЫНА, ӨКІЛЕТТІ ДЕЛДАЛ КОМПАНИЯЛАРЫНА (ОҒАН ҚОСА BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА ЖӨНІНДЕГІ ДЕЛДАЛДЫҚ БӨЛІМШЕСІ РЕТІНДЕ ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН ЭФИР УАҚЫТЫ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУШІЛЕРІНЕ) ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
(G) ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ЕШҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТКЕР, ДИРЕКТОР, ЖҰМЫСШЫ, АГЕНТ, ДЕЛДАЛ, ЖАБДЫҚТАУШЫ (ҰСЫНЫЛҒАН ЖАБДЫҚТАУШЫДАН БАСҚА), ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ, ТӘУЕЛСІЗ МЕРДІГЕР НЕМЕСЕ BLACKBERRY КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ЭФИР УАҚЫТЫ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУШІСІ (ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕНДІ ЕСЕПКЕ АЛМАҒАНДА) ОСЫ КЕЛІСІМШАРТҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАЙТЫН ҚАНДАЙ ДА БОЛМАСЫН МІНДЕТТІ КӨТЕРМЕЙДІ.
(h) СІЗ ОСЫ КЕЛІСІМШАРТТА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰҚЫҚТАН БАС ТАРТУ, ЖОЮ ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТАРАПТАР АРАСЫНДА КЕЛІСІМШАРТТЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫНЫН РАСТАЙСЫЗ ЖӘНЕ КЕЛІСЕСІЗ ЖӘНЕ ОСЫНДАЙ БАС ТАРТУ, ЖОЮ ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ЖАҒДАЙЛАР ҚАРАСТЫРЫЛМАҒАН КЕЗДЕ: (I) ОСЫ КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ТӨЛЕМДЕР МЕН ӨЗГЕ ШАРТТАР МҮЛДЕ БАСҚА БОЛАДЫ; ЖӘНЕ (II) ОСЫ КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫНЫҢ BBM SOLUTION, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНУ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ҚАБЫЛ АЛУ ҚАБІЛЕТТІКТЕРІҢІЗ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҮШІНШІ ТАРАП БҰЙЫМДАРЫ МЕН ҮШІНШІ ТАРАП ҚЫЗМЕТТЕРІН СІЗГЕ BBM SOLUTION АРҚЫЛЫ ҰСЫНУ ҚАБІЛЕТІНЕ АУЫРЛЫҚ ТҮСЕДІ.

19. Ақпаратты жинауға, қолдануға, өңдеуге, жіберуге, сақтауға және жариялауға (жиынтық түрде "Өңдеу") келісім.

BlackBerry Компаниялар Тобының және олардың қызмет көрсетушілерінің жеке ақпаратты Өңдеуі BlackBerry компаниясының Жеке ақпарат туралы саясатының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады (осы Келісімшартқа сілтеумен осы Келісімшартқа енгізілген және мына сілтемеден көруге болады www.blackberry.com/legal немесе осы поштаға жазу арқылы алуға болады legalinfo@blackberry.com).

(a) Жеке ақпарат. Сіздің BBM Solution (немесе оның бөлігін) қолдануыңыз, атап айтқанда Бағдарламалық жасақтаманы орнату және/немесе қолдану, немесе тиісті Эфир уақыты қызметтерін қолдану немесе BlackBerry ID жасау, қолданыстағы заңдар бойынша Сіз туралы немесе Сіз корпорация немесе басқа да заңды тұлға болсаңыз, Сіздің жұмысшыларыңыз және Сіз BBM Solution сіздің атыңыздан қолдануға өкілеттілік берген тұлғалар (бірге «Пайдаланушылар») туралы жеке ақпаратты BlackBerry Компаниялар Тобының және олардың қызмет көрсетушілерінің және Эфир уақыты қызметін көрсетушілердің, үшінші тараптардың Сіздің BBM Solution бірге қолданатын өнімдері мен қызметтерімен бірге Өңдеуіне әкеп соғуы мүмкін. Қолданатын Қызметтерге байланысты, жеке ақпарат ат, көрсетілетін сурет, күй және жеке хабарламалар, электрондық пошта адресі, телефон нөмірі, таңдаған тіл, BlackBerry ID, тіркелу аты мен құпия сөзі және реттеулер, Құрылғы туралы ақпарат (мысалы, Құрылғының анықтағышы мен Құрылғының нысаны), ел мен сағаттық белдеу, Эфир уақыты қызметін көрсетуші туралы ақпарат және BBM Solution мүмкіндіктерін қолдану туралы ақпарат және BBM Solution бірге қолданылатын Қызметтер немесе бағдарламалық жасақтама және техникалық құралдарды қамтиды. BBM Solution мүмкіндіктерінің болуына байланысты, адрес кітабы, Құрылғының орналасқан жері, күнтізбе, суреттер, еске салушыларға BBM Solution кіре алады және BlackBerry компаниясымен BBM Solution бірге немесе оның бөлігі ретінде мүмкіндіктер (мысалы, Сіз адрес кітабыңыздағы байланысыңызға "Ұсынылған BBM" электрондық поштасын немесе SMS жіберуге рұқсат бересіз) беру үшін Өңделеді. Сіз consent that the BlackBerry Компаниялар Тобы осындай жеке ақпаратты тікелей өзіңізден немесе Эфир уақыты қызметін көрсетушілерден немесе BBM Solution бірге қолданылатын өнімдер мен қызметтерді беретін үшінші тараптардан алуы мүмкін. Егер Сіз корпорация немесе басқа заңды тұлға болсаңыз, Сіз барлық тиісті рұқсаттар мен өкілеттіктерді алғаныңызға және 19 Бөлімде көзделген Сіздің BBM Solution қолдану арқылы Сіздің Пайдаланушыларыңыз туралы жеке ақпаратқа қатысты рұқсаттарды бергеніңізге көзіңізді жеткізгеніңіз дұрыс.

(b) Мақсаттар. BlackBerry компаниясының Жеке ақпарат туралы саясатының талаптарына сәйкес, жеке ақпарат BlackBerry Компаниялар Тобымен және олардың қызмет көрсетушілерімен төмендегі мақсаттарда Өңделе алады (i) Сізге BBM Solution және BlackBerry ID беру үшін Сіздің талаптарыңызды және артықшылықтарыңызды түсіну және сәйкес ету және; (ii) Сізді хабардар ете отырып, жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу және қолданыстағы өнімдер мен қызметтерді жаңарту; (iii) BlackBerry Компаниялар Тобының бизнесі мен қызметтерін басқару және дамыту; және (iv) заңды талаптар мен ережелерді сақтау. Оған қоса BlackBerry компаниясы Пайдаланушыларға Бағдарламалық жасақтаманың жаңартуларын немесе жаңғыртуларын, немесе жаңартулар немесе жаңғыртулар туралы хабарламаларды, немесе өзге BlackBerry өнімдері мен қызмттерін, Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасын, Үшінші тараптың Мазмұнын немесе Үшінші тарап Қызметтерін және тиісті өнімдерін немесе қызметтерін беруі немесе жіберуі мүмкін.

(c) "Бұлттық" Қызметтер. Сіз BBM Solution жүйесінде BlackBerry Компаниялар Тобымен және олардың қызмет көрсетушілерімен қамсыздандырылған қашықтан кіру, сақтау немесе сақтандыру қызметтері қарастырылған "бұлттық" хабарлама жіберу және басқа қызметтер бар екендігін растайсыз, және Сіз осындай қызметтерді қолдана отырып, Сіз енгізген ақпарат осындай қызметтермен (мысалы көрсетілетен аттар мен суреттер, күй хабарламасы, байланыс тізімі немесе тобы, күнтізбе, немесе өзге тапсырмалар немесе медиа файлдар сияқты ақпарат) BlackBerry Компаниялар Тобымен Сіздің BlackBerry компаниясымен келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметтерді жеңілдету үшін Өңделуіне келісесіз және Сіз сындай деректерді BlackBerry компаниясына беруге қажетті барлық мазмұндар бар екенін растайсыз және кепілдік бересіз.

(d) Әлеуметтік мүмкіндіктер. BBM Solution жүйесінде Сізді ашық көрсету үшін және Қызметтер немесе бағдарламалық жасақтама немесе Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасы немесе Үшінші тарап Қызметтері туралы тәжірибеңізді арттыру мақсатында басқа тұлғалармен байланысу үшін "әлеуметтік мүмкіндіктер" қарастырылған. Егер Сіз осындай мүмкіндікті қолдансаңыз, Сіз басқалармен әрекеттесу немесе байланысуға дайындығыңыз басқаларға көрсетілетінімен келісесіз, ал Сіздің профиліңіз, көрсетілетін атыңыз, көрсетілетін суреттеріңіз, күй хабарламаңыз, мүшелік туралы күй және басқа мәліметер мен ақпараттар осындай тұлғаларға көрінеді. Мысалы Сіз BBM әлеуметтік платформасына қосылған Қызметті немесеҮшінші тарап Қызметін қолдансаңыз, Сіз осындай мүмкіндіктердің болған жерінде төмендегіге келісесіз: (i) BlackBerry Messenger байланыстар осындай Қызметті немесе Үшінші тарап Қызметін қолданатыныңызды көреді, (ii) Байланыстарыңыз профиліңізді және бағдарламалық жасақтаманы және жүктеген, қолданатын және басқалармен бөлісетін Мазмұнды (ойындар, саз немесе өзге медиа файлдар, Қызмет немесе Үшінші тараптың бағдарламалық жасақтамасына байланысты) және олар туралы пікірлеріңізді көре алады, (iii) Сіз байланыстар немесе олардың Қызмет немесе Үшінші тарап Қызмет құрамында жүктеген немесе , қолданатын бағдарламалық жасақтама немесе мазмұн туралы пікір жазғанда, суз туралы ақпарат (пікрлеріңіз, профиль аты және көрінетін сурет) осы байланыстың басқа байланыстарына көрінеді, және (iv) Қызмет немесе Үшінші тарап Қызметі сіздің артықшылықтарыңызды талдау және Қызмет немесе Бағдарламалық жасақтама қолдану туралы ұсыныстарыңызды автоматты мүмкіндіктерді қамтуы мүмкін. Қолданатын Қызметтер немесе Бағдарламалық жасақтамаға қатысты осындай Қызметтер немесе Бағдарламалық жасақтаманы реттеу немесе жеке реттеу үшін қарастырылған реттеулерді тексеріңіз.

(e) Үшінші тарап Қызметтерімен бірігу. BBM Solution сізден Үшінші тарап Қызметтерін қызметтік мақсатта сұрауы мүмкін (мысалы, Эфир уақыты қызметтері). Егер Сіз BBM Solution жүйеңізді Үшінші тарап Қызметтерімен біріктіруді шешсеңіз (мысалы, үшінші тараптардың ұсынатын әлеуметтік желі немесе басқа қызметтерімен BBM Solution жүйеңізді қолдануды жеңілдететін), Сіз BlackBerry компаниясына Сіздің атыңыз бен құпия сөзіңізді сіздің атыңыздан Үшінші тарап Қызметтеріне кіруге қолдануға және сіздің жеке ақпаратыңызды осындай Үшінші тарап Қызметтеріне қатысты Үшінші тарап Қызметтеріне жеке және/немесе жергілікті мақсатпен кіруді жеңілдету үшін Өңдеуге рұсқат бересіз. Өңделетін ақпарат қамтиды: (i) BBM Solution жүйеңізбен біріктіретін әр осындайҮшінші тарап Қызметі немесе тіркеуші жазбаларға қажетті Сіздің BlackBerry ID немесе өзге тіркелу жазба ID, құпия сөздер, сәйкестендіру токен немесе өзге жеке ақпарат; (ii) Тіркеу жазба профилі туралы ақпарат (мысалы, BlackBerry ID, көрінетін сурет, көрінетін ат, жеке хабаралма, байланыстағы күй, ел, сағаттық белдеу, құрылғының дара анықтауыштары және т.б.); (iii) құрылғыдағы байланыстар туралы ақпарат, (iv) Бағдарламалық жасақтама тіркеуші жазбада қандай үшінші тараптың қосымшаларына немесе қызметтеріне қосылғаныңыз туралы ақпарат; және (v) Бағдарламалық жасақтама тіркеуші жазбада қандай үшінші тараптың қосымшаларына немесе қызметтеріне қосылған туралы сессия деректері (мысалы үшінші тараптың ойнына қосылып жинаған ең көп ұпайларыңыз немесе Бағдарламалық жасақтама тіркеуші жазбада үшінші тараптың қосымшаларын немесе қызметтерін қолданып, тұрақты хабарлама жіберу арқылы байланыстан кейін сақталған чат және т.б.). Сіз сондай ақ BlackBerry компаниясына Үшінші тарап Қызмет көрсетушілер туралы жеке ақпаратты активациялау, есептеуге, қамсыздандыруға, қызмет көрсетуге, техникалық қызмет көрсетуге немесе деактивация мақсатымен жариялауға рұқсат бересіз (атап айтқанда, Эфир уақыты қызметін көрсетушілер). Осындай кіретін Үшінші тарап Қызметтері BlackBerry компаниясының бақылауында емес. Егер Сіздің жеке ақпаратыңыз Сіздің Эфир уақыты қызметін көрсетушіңізге немесе BBM Solution жүйесімен бірге қолданатын өнімдер мен қызметтерді беретін үшінші тараптарға жария етілсе, бұл мәселе осындай үшінші тараптардың келісімшарттары мен жеке ақпарат туралы саясатына сәйкес шешіледі және Сіз осындай шарттарды осындай Үшінші тарап Қызметтері мен Үшінші тараптың Бағдарламалық жасақтамасын қолдану алдында бағалауыңыз қажет. Сіз осындай Үшінші тарап Қызметтері және Үшінші тарап Бағдарламалық жасақтамасына қатысты қарастырылған рұқсаттар мен бақылау құралдарын зерттеу және мүмкінік болғанда реттеу үшін Құрылғыңыздың Бағдарламалық жасақтамасының мүмкіндіктерін және көмек мәзірін талдауыңыз керек.

(f) Cookie файлдары және ұқсас технологиялар. BlackBerry Компаниялар Тобы "cookies" файлдарды (Құрылғыңызда сақталған деректердің шағын бөліктері) немесе осы іспеттес аспаптарды Сізге қызметтерге кіру үшін және Сізді және BlackBerry қорғау мақсатында анонимді ақпаратты қолдана отырып, Қызметтерді қолдануға жеңілдету және тәжірибеңізді бейімдеу үшін және пайдаланушылардың Қызметтерді және BBM Solution қолдану туралы пікірлерін түсіну және мүмкіндіктерді арттыру мақсатында қолдануы мүмкін.

(g) Қолдау және Сапаны қамтамасыз ету. Егер Сіз BlackBerry компаниясына қолдау немесе диагностика немесе басқа техникалық мәліметтерді жіберу үшін BlackBerry компаниясының осындай мақсатта қарастырған электронық пошта немесе тіркелу құралдары арқылы хабарлассаңыз, Сіз Құрылғы анықтауышы, техникалық құралдар ID және нысан нөмірі, жад күйі, операциялық жүйе және орта туралы ақпарат, баттарея күйі, Wi-Fi/WLAN, радио немесе сымсыз байланыстың күші және қосылулар, орнатылған қосымшалардың тізімі, қосымшаларды қолдану туралы ақпарат, процесстердің жүруі және құрылғының конфигурациясы туралы мәлімет, жүйелік оқиғалар, және Құрылғының және Құрылғыда орнатылған Бағдарламалық жасақтаманың күйі туралы өзге ақпарат диагностика мақсатында өте пайдалы болатын техникалық ақпаратты жинауына қарсы болмайсыз. Осындай ақпарат қателерлі тауып реттеу, тұтынушыларды қолдау, бағдарламалық жасақтаманың жаңартуы және BlackBerry өнімдері мен қызметтерін жақсарту үшін BlackBerry Жеке ақпарат туралы саясат талаптарына сәйкес қолданылады. Егер үшінші тараптың өнімі қосылған деп сараптама көрсетсе, BlackBerry компаниясы үшінші тарапқа қателерлі тауып реттеу үшін арнайы диагностика немесе техникалық ақпарат жіберуі мүмкін. Сіз BlackBerry және оның қызмет көрсетушілерімен телефон шалыстар оқыту, сапаны қамтамасыз ету, тұтынушыларға қызмет көрсету және сілтеме мақсатында жазылып алатынын растайсыз және келісесіз.

(h) Хабарламаларды сақтау. BBM Solution жіберген хабарламаларадың мазмұндарын BlackBerry компаниясы әдеттегі бизнес ағымында сақтамайды және мұрағаттамайды. BBM хабарламалары BlackBerry компаниясымен немесе оның атынан пайдаланылатын серверлерге дерек қызметі арқылы жіберіледі, және алушыға (-ларға) ол байланыста болса жөнелтіледі. Хабарлама жеткізілген соң, ол біздің серверімізде сақталмайды. Егер алушы(-лар) байланыста болмаса, жеткізілмген хабарлама BlackBerry компаниясымен немесе оның атынан пайдаланылатын серверлерде жеткізлгенге дейін отыз (30) күн сақталады, одан кейін жеткізілмеген хабарламалар серверлерден жойылады. Жеткізілген хабарламалардың мазмұнын BlackBerry компаниясы сақтамайды және ұстамайды және олар тек қана жіберуші мен алушының құрылғыларында өздері кетіргенше сақталады. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, BlackBerry компаниясы осындай хабарламалар мен Құрылғыларға қатысты транзакциялық мәліметтерді (мысалы, жеткізілген хабарламаға байланысты сақталған күні мен уақыты және хабарлама алуға-жіберуге қатысты Құрылғы), сондай ақ BlackBerry компаниясының заңды негізде жинай алатын барлық ақпараттарын сақтай алады. BBM Solution арқылы жіберілмеген хабарламалар жеткізілгеннен кейін серверде қысқа уақыт ғана сақталады, біздің жалпы сақтау саясатымыз бойынша қысқа уақыт ішінде анықтау ақпаратымен қоса жойылады.

(i) Халықаралық алыс-беріс. Сіз BlackBerry Компаниялар Тобы BBM Solution ("бұлттық дерек" және қашықтан кіру, сақтау немесе көшірмесін жасау қызметтерін қоса алғанда) қызметін көрсету үшін BlackBerry Компаниялар Тобымен немесе олардың атынан пайдаланатын серверлерде, Канада, АҚШ, Ұлыбритания немесе Еуропалық ЭкономикалықАумақта орналасқан басқа елдер, Сингапур немесе Азия-Тынық Мұхиты аймағының елдері, Біріккен Араб Әмірлігі немесе Таяу Шығыстың басқа елдері немесе нысандар BlackBerry Компаниялар Тобы атынан пайдаланылатын елдерді қоса алғанда, Пайдаланушылар орналасқан сот құзыреті аймағында немесе одан тыс, жеке мәліметтерді қамтитын деректерді және байланыс мазмұнын өңдейтініне келісесіз және қабылдайсыз. Егер Пайдаланушылар Еуропалық ЭкономикалықАумақтың немесе сот құзыреті аймағынан тыс жеке ақпаратты жіберу үшін рұқсат қажет болатын аумақтың тұрғындары болса, Сіз осындай әрекеттерге келісісіз және Пайдаланушылардан осындай әрекеттерді жасау үшін барлық қажетті рұқсаттар алғаныңызға кепілдік бересіз.

20. Пайдаланушы деректері. 19-бөлім тарапынан білдірілген мәліметтерге қосымша түрде сіз және сіздің пайдаланушыларыңыз жеке ақпараттарға, BBM шешім функционалдылығының қолданысы туралы сіздің ақпаратыңызға немесе байланыс хабарларыңызға, қызметтерге немесе BlackBerry компаниялар тобына қолжетімді болған ("Пайдаланушы деректері") сіздің BBM шешіміңізге байланысты пайдаланылған бағдарламалық және аппараттық жасақтама мазмұндарын қосқанда, сіздің және сіздің пайдаланушыларыңыздың деректеріне BlackBerry компаниялар тобының қол жеткізуіне, сақтауына және BlackBerry компаниялар тобы және оның қызмет провайдерлері, өзге серіктестері және еншілес кәсіпорындары: (i) құқықтық процеске не заңды күшіне ие мемлекеттік талапқа бағыну немесе өзге жағдайда заңнама бойынша әрекет ету, (ii) осы Келісім шарттарын бұзу әрекеттерін зерттеуде үшінші тараптармен өзара істесу; немесе (iii) осы Келісімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін интернет қызметінің провайдерлеріндегі, желілердегі немесе есептеу құралдарындағы жүйелік әкімшілермен өзара істесу үшін орналасқан елдердің заңы бойынша сізге жазбаша түрде хабарлаусыз шетелдік және жергілікті мемлекеттік мекемелерді қосқанда, үшінші тарапқа жариялауына келісім бересіз. Сіз пайдаланушы деректерін BlackBerry компаниялар тобына және BlackBerry компаниялар тобы үшін осы пайдаланушы деректерін жинауға, пайдалануға, өңдеуге, жіберуге және/немесе жоғарыда көрсетілгендей жариялау үшін пайдаланушыларыңыздан қолданыстағы заңнама бойынша барлық қажетті келісімдерді алғаныңызға кепілдік бересіз.

21. Қол қою және Тапсыру. BlackBerry компаниялар тобы Сізге жазбаша түрде хабарлаусыз осы Келісімшартқа қол қоя алады. Сіз BlackBerry компаниялар тобының алдын ала берілген жазбаша түрдегі келісімінсіз (мұндай келісім BlackBerry компаниялар тобының өзіндік шешімімен бас тартылады немесе шарттанады) бұл Келісімшартқа толықтай немесе бөліктей қол қоймайсыз және BlackBerry компаниялар тобының алдын ала берілген жазбаша түрдегі келісімінсіз қойылған қол жарамсыз болып табылып, ешбір заңды күшке ие болмайды. BlackBerry компаниялар тобы осы Келісімшартта көрсетілген барлық міндеттемелерді тікелей немесе мердігерлері не қосалқы мердігерлері арқылы орындай алады.

22. Хабарландырулар. Осы Келісімшартта өзгесі көрсетілмеген жағдайда, барлық хабарландырулар немесе мұнда аталып өткен басқа байланысу хабарламалары жазбаша түрде "BlackBerry Singapore Pte. Limited at 1 International Business Park, The Synergy Building, 2nd Floor, Singapore 609917" мекенжайына, назар аударыңыз: Басқарушы директорға (Managing Director), Сіз BlackBerry компаниялар тобына хабарлаған есептік мекенжайыңызға және мекенжайына жекелей курьер тарапынан алдын ала жасалған төлеммен және тапсырыс хатпен немесе соған балама жолмен, жеткізілім туралы хабарламамен жіберілген кезде тиісті түрде жеткізілген болып саналады. Жоғарыда аталғандарға қосымша түрде, BlackBerry компаниялар тобы, өзінің таңдауы бойынша, осы Келісімшарт бойынша электрондық түрде кез келген хабарландыру жібере алады. Сізге жіберілген электрондық хабарландыру сіз BlackBerry компаниялар тобына хабарлаған электрондық поштық мекенжайына жіберілген кезде тиісінше жіберілген болып саналады, ал егер Сіз BlackBerry компаниялар тобына ешбір электрондық мекенжайыңызды хабарламаған болсаңыз, хабарландыру http://www.blackberry.com/legal/ мекенжайына көрнекті түрде жіберілген кезде тиісінше жіберілген болып саналады.
23. Төтенше оқиға. Бұл Келісімнің кез келген өзге тармағында көрсетілмесе, 17(a)(ii) бөлімде тізімделген оқиғалар орын алып, соның себептерімен Тараптар өз міндеттерін орындай алмаса, олардың ешбірі осы Келісімшарт талаптарын орындамаған болып саналмайды. Бұл тармақ ешбір Тараптың өзге Тарапқа осы Келісімшарт бойынша төлем жасау міндеттемесінен босайтындығын білдірмейді.

24. Жалпы шарттар.

(a) Үшінші тарап бенефициарлары. BlackBerry еншілес кәіпорындары және BlackBerry және оның еншілес кәсіпорындарының директорлары, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің әрбірі осы бөлім бойынша және Келісімшарттар тармақтарының (Үшінші тарап құқықтары) 2001 жылғы Сингапур актісі ("Үшінші тарап құқықтарының актісі") бойынша осы Келісімшарттың бір тарапы ретінде осы Келісімшарттың "Апаттық қызметтер" (8-бөлім), "BBM шешіміңіз үшін жауапкершілік" (16-бөлім), "Жауапкершілік шектемесі" (18-бөлім) және "Кепілдік; Дискламация" (17-бөлім) бөлімдерінің мақсаттары бойынша арнайы үшінші тарап бенефициарлары болып табылады. Қызмет провайдерлерінің әрбірі Үшінші тарап құқықтарының актісінің тармақтары мен осы бөлім бойынша осы Келісімшарттың бір тарапы ретінде "BBM шешімін пайдалану ережелері" (2-бөлім) және "Зияткерлік меншік" (9-бөлім) бөлімдерінде көрсетілген Контентін пайдалану шектемесі мен қорғанысы бойынша үшінші тарап бенефициарлары болып табылады. Егер Сіз Apple компаниясының iTune құрылғысын сататын дүкендерінен бағдарламалық жасақтамаға тапсырыс берген болсаңыз, Сіз Apple Inc. және оның еншілес кәсіпорындары осы Келісімшарттың үшінші тарап бенефициарлары екенін растайсыз және соған келісесіз, сонымен қатар, осы Келісім шарттарын қабылдауыңыз бойынша Apple және оның еншілес кәсіпорындары үшінші тарап бенефициары ретінде iOS платформасында BBM шешімін пайдалану бойынша сізге қарсы осы Келісімшартты пайдалану құқығына ие болады (және мұндай құқықты қабылдады деп саналады). Сонымен қатар, Сіз Apple Inc. және оның еншілес кәсіпорындары BBM шешімі үшін, BBM шешіміне қатысты Сіз немесе үшінші тарап жасаған ешбір шағым үшін және BBM шешіміне қатысты техникалық қызмет жұмыстарын жүргізу үшін жауапты емес екенін растайсыз және соған келісесіз. Осы Келісімшарттар немесе Үшінші тарап құқықтарының актісінде арнайы көрсетілмесе, осында көрсетілген тармақтар тек Тараптардың пайдасы үшін арналған және өзге ешбір тұлға немесе мекеменің пайдасы үшін арналмаған.
(b) Міндеттемелердің орындалмауына байланысты наразылық білдіруден бас тарту. Егер Келісім талаптарының орындалмауы, кешіктіру немесе кез келген өзге құқықтық доктрина бойынша бір Тараптың екінші Тарапқа наразылық білдіруден бас тартуы жазбаша түрде жасалып, наразылық білдіруден бас тартушы Тараптың өкілетті тұлғасының қолы қойылмаған болса, ешбір Тарап осы Келісімшарт бойынша наразылық білдіруден бас тартқан болып саналмайды. Кез келген тармақ немесе кез келген тармақтың кез келген бөлігіндегі бір инстанция бойынша наразылық білдіруден бас тарту өзге инстанция бойынша наразылық білдіруден бас тартуды білдірмейді.
(c) Іс-шараның жалғасуы, Осы Келісімшартта қамтылған жағдайлар, шарттар және кепілдіктер өздерінің мағынасымен және мәнмәтінімен қалай іс-шараның жалғасуын қамтитын болса, солай іс-шараның аяқталуын, шығын өтемдерін қосқына, осы Келісімшарттың жойылымын және үзілу бөлімдерін де қамтиды.
(d) Мемлекеттік заң және дау шешімі. ОСЫ КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫНДА ОРЫН АЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ДАУ СИНГАПУР ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША ШЕШІЛЕДІ. Тараптар осымен Халықаралық тауар саудасы бойынша жасалатын Келісімшарттар жөніндегі Біріккен Ұлттар Конвенциясының осы Келісімшартқа қосымшадан бүтіндей шығарылғанына келіседі.
Сіз пошта арқылы немесе заңнама тарапынан рұқсат етілетін өзге жолмен істі қарастыру орнына, істі қарастыру орнының қолайсыздығына немесе сол сияқты негіздер бойынша қайтқысыз түрде наразылық білдіруден бас тартасыз және процесс қызметіне қайтқысыз түрде келісесіз және барлық құқықтарды Сингапур мемлекетінің сот юрисдикциясына тапсырасыз, Сіз және BlackBerry сол соттағы юрисдикциямен келісесіз. Егер сіздің юрисдикцияңыздағы сот Сізге жоғарыда аталған юрисдикциямен және істі қарастыру орнымен келісуге рұқсат бермейтін болса, Сіздің жергілікті юрисдикцияңыз және іс қарастыру орныңыз осы Келісімшартқа қатысты кез келген дау мәселесіне іс көтере алады. Тараптар ешбір даудың отырыскерлер соты арқылы шешілмейтініне келіседі және мұнымен осы Келісімшарт бойынша туындаған кез келген мәселені отырыскерлер соты арқылы шешуден бас тартады. BlackBerry компаниялар тобының жазбаша түрде берілген рұқсатынсыз Тараптар арасындағы даулар біріктірілмейді.
Жоғарыда аталғандардың ешбірі Тарапқа өзге бәсекелес юрисдикциядан сот тыйымын немесе өзге сол сияқты көмекті іздеуге тыйым салмайды. Атап айтқанда, BlackBerry компаниялар тобы: (i) жарамды болған жағдайда, BBM шешімі немесе оның кез келген бөлігіне байланысты Сіз BlackBerry компаниялар тобына қарыз болған сомаларға және (ii) "BBM шешімін пайдалану ережелері" (2-бөлімі), "Бағдарламалық жасақтама қолданысы" (3-бөлім), "Зияткерлік меншік" (9-бөлім), "Экспорттау, импорттау және пайдалану шектемелері және АҚШ мемлекеттік лицензиялары (10-бөлім), "Қауіпсіздік, есепшоттар және құпиясөздер" (11-бөлім), "Құпиялылық және алынған деректердің басқа мақсаттарда қолданылмауы" (12-бөлім), және "Келісімшартты үзуге тиетін ықпал" (15-бөлім) деп аталатын бөлімдердің сіздің тарапыңыздан бұзылуы немесе төнген бұзылу қаупі шағымдар мен даулар бойыша жүргізілетін сотта (Сіздің Юрисдикцияңыздағы балама соттық қорғаныс тәсілі секілді) сот тыйымы мен көмек іздеу процестерін қосқанда, заңды немесе соған балама процестерді бастатуға құқылы.
(e) Келісімшарт жағдайларының бөлінушілігі. Осы Келісімшарттың кез келген тармағы, сөйлемі немесе бөлімі ("Бөлім") қандай да бір юрисдикциядағы өкілетті орган тарапынан заңсыз, жарамсыз немесе орындауға келмейтін деп айқындалса, мұндай Бөлім айқындамасы: (i) осы Келісімшарттың қалған Бөлімдерінің заңдылығына, жарамдылығына және орындалу мүмкіндігіне әсер етпейді; және (ii) сол Бөлімнің кез келген өзге юрисдикциядағы заңдылығына, жарамдылығына және орындалу мүмкіндігіне әсер етпейді және сол Бөлім мүмкін және қажет болған жағдайда шектеліп, бөлінгеннен кейін ғана осы Келісімшарт орындалады.
(f) Тіл. Егер осы Келісімшарт ағылшын тілінен өзге тілге аударылып, екі нұсқа арасында мағына қайшылығы туындаса, ағылшынша нұсқасы басымдыққа ие болады. Сіздің юрисдикцияңыздағы заң тарапынан тыйым салынбаған жағдайда және заңнама аясында ғана осы Келісімшартқа қатысты кез келген және барлық даулар, келіспеушіліктер, арыздар, арбитраждық іс қараушылық және наразылықтар, хабар алмасу, тапсырылатын құжаттар, арыздар, ауызша арыздар, соттық процедуралар, аргументтер және бұйрықтар мен сот шешімдері ағылшын тілінде жүргізіледі.
(g) Бүкіл келісімшарт. Осы Келісімшарт (осыған жалғанған қосымшалар мақсатында, осы қосымшаның пәніне сәйкес қосымшаның шарттары қарастырылады) Тараптар арасындағы бүкіл келісімшартты оның пәніне қатысты құрайды, және осы Келісімшартта көзделгеннен басқа Бағдарламалық жасақтамаға қатысты ережелер, түсінулер, хабарласулар, түсіндірмелер, кепілдемелер, міндеттемелер, жиынтық келісімшарттар немесе келісімшарттар болмайды. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, Тараптар арасындағы өзге келісімшарттар Сіздің BBM Solution басқа бөліктерін қолдануды реттей алады. Осы Келісімшарт Тараптар арасындағы қандай да болмасын бұрынғы немесе қазіргі ережелердің, түсінулердің, хабарласулардың, түсіндірмелердің, кепілдемелердің, міндеттемелердің, жиынтық келісімшарттардың немесе келісімшарттардың, ауызша немесе жазбаша болса да, осы Келісімшартта көзделген пәнге қатысты орындарын басады және Сіз Келісімшарт жасау кезінде осылардың біреуіне негізделмегеніңізді растайсыз. Осы Келісімшарт Тараптар арасындағы өзара келісім бойынша кез келген уақытта өзгертіле алады. BlackBerry компаниясы қолданыстағы заңмен шектелу дәрежесіне дейін, BlackBerry компаниясы өзінің қарауы бойынша, осы Келісімшартқа келешекте өзгертулер, атап айтқанда заңмен қарастырылған өзгертулерді немесе заңдағы өзгерістерді (осы Келісімшартты атқаруды қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістерді қоса есептегенде) немесе іскерлік әдістердегі өзгерістерді енгізу құқығын өзіне қалдырады, осы ретте Сізге өзгерістер туралы тиісті хабарлама электрондық пошта арқылы (жоғарыда көзделген Хабарламаның талаптарына сәйкес) немесе өзгерістерді http://www.blackberry.com/legal сайтында жариялау арқылы жіберіледі және Сіз осы сайтты өзгерістердің бар-жоқтығына жүйелі тексеріп тұруыңыз қажет. Егер Сіз өзгерістер туралы хабарлама алғаннан кейін BBM Solution жүйесін алпыс (60) күннен аса қолдануды жалғастырсаңыз, Сіз осы өзгерістерді қабылдағансыз деп саналады. Егер Сіз өзгерістер туралы алаңдаушылығыңыз болса legalinfo@blackberry.com адресіне Сіздің шешуіңізді білу мақсатымен өзгерістер туралы хабарлама берілген күннен бастап алпыс (60) күн ішінде хабарласа аласыз.
(h) Заңдарды орындау. Сіз өз есебіңізге өзіңіздің сот құзыреті аймағында үкіметтік органдардың және қолданыстағы заңдармен талап етілетін барлық лицензияларды, тіркеулерді және растауларды осы Келісімшартты немесе өзге тиісті лицензия шартарын орындау мақсатында аласыз және күші бар екендігін қамтамасыз. Айтап айтқанда және күмәндардың болмау үшін, Сіз BBM Solution орнатуға қатысты барлық қолданыстағы заңдар мен ережелерді сақтайсыз, атап айтқанда қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкес коммерциялық қод ақпараты немесе өзге қорғаныс қызметтері бар Бағдарламалық жасақтаманы қолдану үшін барлық қажетті лицензияларды, тіркеулерді және растауларды құзыретті үкімет органдарынан аласыз. Сіз BlackBerry компаниясына Сіздің осы міндеттерді орындауыңызды тексеру мақсатында BlackBerry компаниясының сұранысы бойынша растаулар мен ресми құжаттарды бересіз. Жоғарыда айтылғанды шектемей, нақты Қызметтер мен Үшінші тарап Қызметтеріне дүниежүзінің кез келген жерінен кіруге болатынын есепке ала отырып, Сіз Қызметтерге немесе Үшінші тарап Қызметтеріне BlackBerry компаниясы немесе Қызметтер or Үшінші тарап Қызметтері байланыста деп көрсететін елдерден тыс елден кіруді шешсеңіз, Сіз өз ынтаңызбен солай жасайсыз және тиісті Қызмет, немесе Үшінші тарап Қызметі, және тиісті Мазмұн, Үшінші тарап Бұйымдары немесе Бағдарламалық жасақтаманы экспорттау, импорттау, қолдану, жіберу және/немесе таратуға қатысты барлық заңдар мен ережелерге сәйкес Сіз жауапты боласыз. Оған қоса, BlackBerry компаниясы BBM Solution жүйесіне қатысты немесе Қызмет(тер) арқылы берілген Үшінші тарап Бұйымдары барлық жерлерде қолдануға лайықты және дайын екендігіне ешқандай кепілдік бермейді. Сіз заңсыз болатын жерде Бағдарламалық жасақтаманы немесе Үшінші тарап Бұйымдарын жүктемеуге немесе оларға кіруге немесе солай жасауға әрекет етуге бармайтынызға кепілдік бересіз. Жоғарыда айтылғанды шектемей, егер қолданыстағы заңдар бейнефильм және/немесе дауыспен қоңырау шалу мүмкіндіктері сияқты BBM Solution жүйесінің бейнефильм және/немесе дауыс чат мүмкіндіктерін қолданудан шектейтін болса, себебі бірге-бір, бейнефильм немесе Ғаламтор негізіндегі мүмкіндіктер Сіздің тиісті жас деңгейіне жетпегендіктен немесе Апатты Қызметтерге қатысты заңдар талаптарында көзделгендей сот құзыретінде қарастырылмаса, Сіз осындай BBM Solution мүмкіндіктерін немесе өнімдерін жүктей немесе қолдана алмайсыз және және/немесе Апаттық Қызметтерге баламалы әрекет жасап кіруге Сіз жауапты боласыз.

(i) Кеңейтілген мағына. "қоса" немесе "сияқты" деген сөздерге мән-жайларға байланысты "шектеусіз қамтиды" және "шектеусіз сияқты" кеңейтілген мағына беріледі.

(j) Жеңілдіктер қарастырылмайды. Егер Сіз Бруней елінің тұрғыны болсаңыз, Сіз Бруней Даруссалам Заңдары бойынша жеке комерциялық заң және сот өндірісіне және Сізге тиесілі өзге сот құзыреті аймақтарына қарасты боласыз және Сіздің меншіктеріңіз немесе иеліктеріңіз Бруней Даруссалам Заңдары бойынша және өзге сот құзыреті аймақтары бойынша тәуелсіз имунитетке қатысы жоқ екендігін растайсыз және мойындайсыз. Сіз имунитетке иеліктеріңізді тартып алу жөнінде шағымдануға құқығыңыз бар дәрежеде (субсидия нмесе орындау немесе сот шешімі немесе өзге жағдайлар) Сіз осындай сот құзыреті аймағында сотпен қарастырылған толық ауқымда осындай имунитетке шағымданбауға және құқықтарыңыздан бас тартпауға шүбәсіз келісесіз.

(k) Филиппины елінде қызмет көрсету. Тараптар BlackBerry компаниясының осы Келісімшартта көзделген әрекеттері мен қызметтері өздерінің сенуі және білуі бойынша BlackBerry компаниясының Филиппины елінде өзгеден тыс қызмет көрсетуге байланысты емес тек төмендегі талаптарды орындау мақсатында деп қарауын ұсынады: Филиппины елінің Корпорациялар туралы Заңының 123, 133 және 144 тараулары және Республикалық №. 7042 Акті, өзгертулермен бірге, себебі BlackBerry компаниясы Филиппины елінде қызмет көрсету үшін лицензия алуы тиіс. Осыған қарсы, BlackBerry компаниясы осындай әрекеттер мен қызметердің арқасында Филиппины елінде қызмет көрсетеді деп көрінуі мүмкін, Тараптар осы ретте осы Келісімшарт бойынша тұрақты пайда көруді күтетінін және осы Келісімшарт бойынша Тараптардың өз міндеттерін орындайтынын растайды. Сіз растайсыз және келісесіз BlackBerry компаниясының Филиппины елінде жасаған әрекеттеріне наразылық көрсету құқығынан айрылуға және BlackBerry компаниясына қарсы шықпауға, немесе істі тоқтатуға ізденуге бармайтыныңызды растайсыз және келісесіз, the defense that BlackBerry компаниясы Филиппины елінде қызмет көрсету лицензиясын алмауына немесе BlackBerry компаниясы Филиппины елінде лицензиясыз қызмет көрсетуіне байланысты туындайтын қорғаныс талаптары соттасуға себеп немесе заңды негізі болмағайды.

ЕГЕР ОСЫ КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРЫҢЫЗ НЕМЕСЕ АЛАҢДАУШЫЛЫҒЫҢЫЗ БОЛСА, BLACKBERRY КОМПАНИЯСЫНА LEGALINFO@BLACKBERRY.COM.ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.